Руханият • 01 Мамыр, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік күнімен құттықтауы

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 мамыр – еліміздегі барлық мәде­ниет­тердің көптүрлілігі мен рухани құнды­лықтарды паш ететін жарқын мереке. 

Барлығымызды этностық тегіміз бен діни сенімімізге, саяси ұстанымымыз бен түрлі көзқара­сы­мызға қарамастан, туған елімізге деген махаббат, өзара түсіністік пен құрмет, болашаққа деген жауапкершілік пен ортақ мүдделеріміз біріктіреді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік күнімен құттықтауы

Бірлік – біздің ерекше сақтап, қорғайтын басты байлы­ғымыз бен жетістігіміз. Ғасырлар бойы қалыптасқан халық­тар достығының арқасында мемлекеттің дамуы тарихындағы қиын кезеңдерді бірге өткердік.

25 жыл бұрын Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассам­блеясы жалпыхалықтық келісімді сақтап, нығайтуда үлкен жұмыстар атқарып келеді. «Бірлік көптүрлілікте» моделі мемлекет саясатының басты бағдарының бірі және солай болып қала береді.

Бүгінде барлығымыз бірлесіп коронавирус пандемиясымен жаппай күресудеміз. Қазақстан халқы төтенше қиын­дық­тар мен сынақты жұмылып жеңіп шығарына күмәніміз жоқ.

 

Құрметті достар!

Шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке, болашаққа деген сенім тілейміз. Ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын!

Туған еліміз көркейіп, татулығымыз арта берсін деген ізгі тілегімізді қабыл алыңыздар! 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы