Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Санитарлық сертификат артық болмайды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режімінің мамыр айына дейін ұзартылғаны, меніңше, дұрыс шешім. Өйткені осының алдында сарапшылар төтенше жағдай 15 мамырға қарай аяқталады деп болжаған еді.

Санитарлық сертификат артық болмайды

Президент мамырдың 11-інен бас­тап төтенше жағдай режімі аяқта­ла­ты­нын айтып, арнайы Жарлық шығар­ды. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұл­т­­ан мен Алматы қалаларында әуе рейс­те­рі ашылатыны мəлім болды. Сөз жоқ, бұл – жақсы хабар. Азаматтардың қа­ты­­на­сына да, әуе қатынасы саласына да осы шешім тиімді болады деп санай­­мын.

Бұған дейін медицина мамандары адам­дар өзара екі метрлік арақа­шық­тықты сақтауы керектігін ескертті. Ұшаққа медициналық бетперде киіп келуі керектігі айтылды. Жолау­шы­лардың температурасы міндетті түрде өлшенеді. Коронавирус инфек­циясын жұқтырмағаны туралы арнайы медициналық анықтама да талап етіледі. Бұл талаптар сақталса, індеттің тара­луына біршама шектеу қойылады.

 Осы ретте барлық тәртіпті сақтау үшін санитарлық сертификат тапсыру мәселесін қолға алған артық болмайды деп санаймын. Өйткені жауап­кер­шілікпен бірге, оны қадағалайтын ереже де болуы тиіс. Мұның барлығын тұты­ну­шылар, қызмет көрсетушілер, тауар сатушылар және кәсіпкерлер нақты сақтайтын болса, қауіпті дерттің таралып кетуіне жол берілмейтіні күмəнсіз.

 

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ,

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы