Бұған дейін елімізде коронавирус пандемиясына байланысты ішкі рейстер 100% -ға, халықаралық рейстер 98% -ға тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта отандық әуе тасымалдаушылары ағымдағы жылдың 1-ші мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша күніне 4 рейс жасалмақ. Оның ішінде «Эйр Астана» 2 рейс, «Fly Arystan» 1 рейс және «SCAT» әуе компаниясы 1 рейс орындайды.
Таяуда Азаматтық авиация саласының өкілдері жыл соңына дейінгі шығын көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін екенін мәлімдеп, Эйр Астана - 148,4 млрд теңге, SCAT - 84,6 млрд теңге, Qаzaq Air – 2 млрд теңге, әуежайлар – 24,5 млрд теңге, қазаэронавигация – 28 млрд теңгеге шығынға батуы мүмкін екенін айтқан еді. Бүгінгі күні елімізде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі таратқан мәлімет бойынша, азаматтық авиация саласында шамамен 20 000 адам жұмыс істейді. Барлығының жұмыс орындары толығымен сақталып отыр.