Экономика • 01 Мамыр, 2020

POS-терминалдар өткеннің еншісінде қалды

260 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанда қандай да бір нәрсені қашықтан үйрену керек, мысалы, форс-мажор жағдайында балаларды интернет арқылы оқыту алдағы уақытта да маңыздылығын жоймайды. Кейбір мәселелерде біз дайын болдық, осыған дейін де  бизнес-процестер цифрландырылды, қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі жасалуда. Қаржы секторының кейбір қатысушылары, тіпті коронавирус пандемиясымен және төтенше жағдай жарияланғанға дейін, сатып алушылар мен сатушылар арасындағы қарым-қатынаста қолма-қол ақшаны аз жұмсауға көп күш, уақыт пен ақшаны жұмсады,  қазір мұны кәдеге асырып жатқанымызды мойындамау мүмкін емес.

POS-терминалдар өткеннің еншісінде қалды

Банк нарығында ақпаратты технологиямен интеграциялануды барынша жетелдеткен қаржы институттарының қатарында «Сбербанк» АҚ бар.   «Біз SberPOS туралы айтып отырмыз.  POS-терминалдың барлық функциялары бар.   Күні бүгінге дейін болашақтың  технологиясы деп келген құрылғыны пандемия жеделдетті. SoftPOS технологиясы - бұл ғаламдық нарықтағы жаңа шешім, ол АҚШ, Түркия, Польша, Ресей және Беларусь елдерінде пилоттық режимде қолданылады және өз тұрғындары арасында танымал бола бастады. Бұл түсінікті, өйткені оны асыра айтпағанда қарапайым әрі қолжетімді. Сбербанк мамандары өткен жылы кез-келген Android смартфонын POS терминалға айналдыру идеясын ұсынды және бүгін ол бизнес үшін қолжетімді болды,  дейді «Сбербанк» АҚ  Транзакциялық бизнес департаментінің директоры Андрей Ким.

Кеше онлайн форматтағы жиында А. Ким  өнімнің көптеген  артықшылықтары бар екенін айтып өтті.  Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін POS-терминалдарды пайдалану - бұл бизнестің заңды талабы, бірақ терминалдың уақыттың талабына ілесе алмай қалғанын пандемия көрсетті. «Біз жағдайды түзетуді шештік, нәтижесінде SberPOS пайда болды, бұл шын мәнінде көптеген артықшылықтарғаие»,  деген  Андрей Ким ұстанымын төмендегі ерекшеліктермен тұздықтап өтті. Біріншіден, мобильді терминал әдеттегіден гөрі тиімдірек. Кәдімгі «пикникті» пайдаланғаны үшін абоненттік төлем айына орта есеппен 3 мың теңгені құрайды. Сбербанк шоты немесе корпоративті картасы бар  салымшы  SberPOS-ны смартфонына  активтендіру үшін банкке қашықтан жүгіне алады, содан кейін банк өтініш берушіні өңдеу жүйесіне қосады. Сауда-саттық кезінде қосымшада авторизациялау үшін телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын енгізу керек, ал жүйе оған SMS-хабарламада немесе қосымшаның өзінде тіркелу үшін электрондық поштаға код жібереді.

Іске қосылғаннан кейін смартфон төлем карталары бойынша байланыссыз төлемдерді алуға арналған толық құрылғыға айналады. Бастапқы кезеңде MasterCard карталары SberPOS арқылы төлеуге қол жетімді болады, бірақ көп ұзамай оған басқа халықаралық төлем жүйелері қосылады.

Екінші маңызды артықшылығы - SberPOS кәсіпкерлерді әдеттегі терминалды қолданған кездегі қаржылық жауапкершіліктен босатады, бұл көп жағдайда банктің меншігі болып табылады. Сонымен қатар, ұялы телефонның антеннасы классикалық POS-қа қарағанда әлдеқайда күшті, сондықтан осы күнге дейін қолданыста болған SOSPOS кәдімгі POS-терминалға қарағанда дұрыс жұмыс істемей  келді. Ал SberPOS-қа кәдімгі құрылғыларға қажет қағаз чегін беру үшін қағаз қажет емес, чекті электронды пошта арқылы карта иесіне оңай жіберуге болады.

«Мобильді POS-терминалдың алғашқы пайдаланушылары такси қызметін ұсынатын компаниялар, базарлардағы гүл сататын дүкендер мен гүл сатушылар болуы мүмкін. Объективті себептерге байланысты жеткізу қызметі барлық курьерлерді POS-терминалдармен қамтамасыз ете алмайды, ал біздің қосымшамыз тегін және курьер өз жұмысында пайдаланатын ұялы телефонға оңай орнатылады»,  деп толықтырды Римма Закиева.

Сонымен бірге, ол телефон арқылы төлемдерді қабылдаудың қарапайым әрі технологиялық жолы бар екенін түсіндірді. «Ұялы телефонға бағдарламалық жасақтаманы орнату арқылы сатушы сатып алу төлемін осы жүйелердің бірін пайдаланатын сатып алушының телефонынан қабылдай алады», - деді Римма Закиева.

Айтпақшы, қауіпсіздік мәселелері шешілген. SberPOS арқылы 10 мың теңгеге дейін сатып алу үшін картамен төлеген кезде растау қажет емес. «Егер сома көп болған жағдайда, клиентті саусақпен смартфон экранына қол қоюға шақырады. Егер сатып алушы Samsung Pay және Apple Pay қолданатын болса, онда ол гаджетін сатушының телефонына салып, төлем қол қоюды талап етпестен жүзеге асырылады»,  деп түсіндірді Римма Закиева.

Нәтижесінде, сатып алуға ақша сатушының ағымдағы шотына немесе сатушының ұялы банкинг арқылы тәулік бойы басқаратын корпоративтік кіріс картасына түседі.

«Біздің өнімді әзірлеу кезінде біздің алдымызда тұрған міндет бизнес өкілдері мен тұтынушылардың өмірін жеңілдетіп, ыңғайлы етуді көздеді»  деді Андрей Ким әңгіме соңында. «SberPOS-тың пайда болуы осыған дейінгі жаңалықтардың бастамасы ғана екен. Сбербанк тобы қосымшаны жетілдіруді жалғастыруда, жаңа функциялар пайда болады, бұл оны кәсіпкерлер үшін одан да ыңғайлы етеді. Бұл туралы келесі жиындарда толық айтылады.