Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан - Алматы арасында әуе тасымалы қайта жанданды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан-Алматы арасындағы рейстер ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтқан болатын.

Нұр-Сұлтан - Алматы арасында әуе тасымалы қайта жанданды

Елдегі Төтенше жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе тасымалына 30 наурызда шектеу қойылған еді. Бір айлық үзілістен кейін, яғни бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға алғашқы жолаушылар Алматыдан келді. Ал елордадан Алматыға ұшақ сағат 09.40 кезінде қайта ұшып кетті.

Бүгін Нұр-Сұлтанға Алматыдан тағы төрт әуе сапары орындалады. Атап айтқанда сағат 11.35, 14.40, 19.00, 19.20 уақытында төрт ұшақ келіп қонады. Әуе рейстерін «Air Astana», «Qazaq», «Scat» әуе компаниялары орындайды.