Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу– 444,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 371,1 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 338,7 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 305,4 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 245,8 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 105,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 47,2% %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 346,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 141,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,9%-ға төмен.