Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында коронавирустан 46 адам сауығып шыққан

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 дерегі тіркеліп отыр. Өңірдегі медицина саласының мамандары қауіпті індетпен мейлінше күресуде. Осы уақытқа дейін облыста біраз азаматтар ауруынан айығып, аман-есен отбасыларына оралуда. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда өңірде 45, 50 және 75 жастағы үш әйел азаматы емделіп шыққан.

Жамбыл облысында коронавирустан 46 адам сауығып шыққан

Үш тұрғын да коронавирус індетін жұқтырған науқастарға арналған стационарға 14 сәуір күні әртүрлі жағдайлармен түскен. 75 жастағы Қордай ауданының тұрғыны қауіпті инфекцияны туысының жаназасында  жұқтырған болып шықты. Ал, 50 жастағы екінші емделуші науқаспен байланыста болған кезде инфекция жұқтырып алған. Сонымен қатар, 45 жастағы үшінші адам Ресей мемлекетінен келген науқас күйеуімен қарым-қатынаста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған болатын. Стационардан емделіп шыққан олар алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауындағы үй карантинінде болады. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша коронавирус індетінен емделгендердің саны 46 адамға жетіп отыр.

 

Жамбыл облысы