Экономика • 01 Мамыр, 2020

Есептерді ұсыну мерзімі ұзартылды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи монополиялар жəне қоғамдық маңызды нарық субъектілерінің жекелеген түрлері бойынша 2019 жылдағы есептерін ұсыну мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Есептерді ұсыну мерзімі ұзартылды

Табиғи монополиялар саласындағы заң талаптарына сәйкес, табиғи монополиялар субъектілері есепті кезеңнен кейінгі мамырдың 1-нен кешіктірмей уәкілетті органға, соның ішінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелеріне бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ, заңнамада көзделген басқа да есептерді ұсынуға міндетті.

Бұдан басқа Кәсіпкерлік кодексіндегі қоғамдық маңызды нарық субъектілерінің келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ұсыну міндеті бекітілген.

Осы ретте Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің есептер мен ақпараттың жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы» бұйрығын шығарды.

Бұйрыққа сәйкес, 1-ші мамырда ұсынылуға тиіс 2019 жылғы ақпарат пен есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды.

Бұйрықпен комитеттің сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады.