Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Індет жұқтырғандар легі азаймай тұр

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында тағы 3 тұрғынның коронавируспен ауырғаны анықталды.

Алматы облысы: Індет жұқтырғандар легі азаймай тұр

- Облыстың Жамбыл ауданында, Жаркент қаласында және Сарыөзек кентінде Covid-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді. Жамбыл ауданынан анықталған науқас - 3 сынып оқушысы. Ол Алматы қаласында науқастанған сырқатпен байланыста болған екен. Екінші науқас - кербұлақтық 2003 жылы туған жасөспірім бұған дейін осы ауданда сырқаттанған пациенттің туысы. Ал 1989 жылы туған жаркенттік азамат дене қызуы 37.3 С көтерілігеннен кейін медициналық көмекке жүгінген. Одан вирусологиялық анализ алу барысында оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Қазір олар тиісті ем қабылдауда.Науқастармен 39 адам байланыста болған, олардың барлығы карантинге алынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Алматы облысы