20 Қыркүйек, 2013

Әлемдік жобадағы ғылымның үлесі

382 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

 

ҮКІМЕТ

 

Арал теңізінің тартылуы айдынның бұрынғы ауданының 6 миллион гектардан астамын судан босатты және бүгінгі күнде бұл жерді дүние жүзіндегі ең жылдам кеңейіп келе жатқан шөл «Аралқұм» деп атауға негіз болады.

Отандық және шетел ғалымдар Аралды қалпына келтірудің бірнеше жолын ұсынған болатын. Бұл – Сібір өзендерін бұрып әкелу, Каспийден су айдау, мұздақтарды еріту арқылы нәрлендіруші өзендердің ағысын күшейту және т.б. Бұлардың бәрі қымбат тұратын және орындалуы қиын шаралар. Соңғы уақытта құрғаған табанды өсімдік аборигендерімен ормандандыру жөнінде нақты ұсыныс енгізілуде. Бұл тәсілді Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары барынша қолдайды.

ҮКІМЕТ

Арал теңізінің тартылуы айдынның бұрынғы ауданының 6 миллион гектардан астамын судан босатты және бүгінгі күнде бұл жерді дүние жүзіндегі ең жылдам кеңейіп келе жатқан шөл «Аралқұм» деп атауға негіз болады.

Отандық және шетел ғалымдар Аралды қалпына келтірудің бірнеше жолын ұсынған болатын. Бұл – Сібір өзендерін бұрып әкелу, Каспийден су айдау, мұздақтарды еріту арқылы нәрлендіруші өзендердің ағысын күшейту және т.б. Бұлардың бәрі қымбат тұратын және орындалуы қиын шаралар. Соңғы уақытта құрғаған табанды өсімдік аборигендерімен ормандандыру жөнінде нақты ұсыныс енгізілуде. Бұл тәсілді Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары барынша қолдайды.Қазақстан аумағы шегіндегі Арал теңізінің құрғаған табанының 15-20 пайызға жетпейтін көлемін ағаш және бұталық өсімдіктер алып жатқанын, ал табиғи өсім процесі жаңа құрылықтың пайда болу қарқынынан едеуір артта қалып отырғанын ескере отырып институт ғалымдарының ал­ды­на деградация процестерін және атмос­фе­ра­ға тұз шаңының ұшып шығуын азай­ту мақ­сатымен, шығыс жағалаудың қалып­тас­қан құрлықтарын орман-мелиора­тив­тік игеру мүмкіндігін зерделеу мақсаты қойылды.

Зерттеулер мен тәжірибелік нысандар жасауды бастамас бұрын жалаңаш табанда қалыптасқан табиғи жағдайлар туралы бар мағлұматтарға талдау жасалынды. Арал өңірінің шөлдік аумағында сусымалы құмдарды бекіту және шөлдік топырақтарда қорғаныш алқа ағаштарды жасау бойынша біздің орман мелиоративтік тәжірибеміз қолдау тапты. Осыған орай, 1985 жылы институт қызметкерлері және Қызылорда об­лысының орман шаруашылығы маман­дарының Арал теңізінің құрғаған табанына және Арал өңірі аумағына экспедициясы ұйымдастырылды.

Алынған мағлұматтар бұрынғы теңіз табанының барлық бетін орман өсу жағдайы бойынша екі үлкен топқа біріктіруге мүмкіндік берді:

1) құмды рельефті алдын ала бекіту бойынша қымбат іс-шараларсыз мүмкін емес сусымалы құмдардың барлық түрлері;

2) рельефті бекітусіз ормандандыру мүмкіндігі бар әртүрлі литологиялы жазық түптік шөгінділер.

Орман өсу жағдайларын әрі қарай зерделеу жазық түптік шөгінділерде орман өсу жағдайы топтарының үш түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

Бірінші топқа – жақсы орман өсетін жағдайлар – құмдақ және құмдауыт шөгінді жазықтар енеді. Бұл топырақтардың физика-механикалық көрсеткіштері барлық кескіні бойынша біртекті құммен сипатталады. Жер­асты суларының жоғарғы деңгейіне дейінгі топырақтағы жеңіл еритін тұз ең көп дегенде 0,8%, сонымен қатар, хлор иондары 0,3% аспауы қажет. Жерасты сулары 1,5-2,0 м. тереңдікте және 45г/л дейінгі минералдану дәрежесі болуы тиіс. Екпе ағаштар мен қорғаныш алқа ағаштар жасау үшін жеңіл механикалық құрамды топырақты алаңдар мейлінше қолайлы деп есептеледі.

Екінші топқа – қанағаттандырарлық ор­ман өсетін жағдайлар – құм қабаты бар (теңіз жағалауы топырақтары) теңіз тү­бі шөгінді жазықтары енеді. Физика-меха­ни­калық көрсеткіштері: 30 см-ге дейін құм аралас қабат, әрі қарай тереңдікте сазды топырақ. Тұздану шегі 2,2%-ға дейін, сол сияқ­ты жерасты суларының жоғарғы дең­гей­­ін­дегі хлор иондары 0,8%-дан аспайды. Соң­ғы­сы­ның 1,8-2,0 м. тереңдікте және 50г/л-ден аспайтын минералдануы болуы тиіс.

Үшінші топқа – шартты түрде орман өсуге жарамды топырақтар – ауыр құрамды теңіз түбі шөгінді жазықтарының бірігуі (теңіз жағалауындағы тұзды қыртыстар және теңіз жағалауы сортаңдары) енеді. Тұздануы 2,3%, соның ішінде хлор иондары 0,9%-дан аспайды, жерасты сулары