Қоғам • 02 Мамыр, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы карантин уақытында қайырымдылық істерін жалғастыруда

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан этномәдени орталығы мерекені сезінуге мүмкіндік алуы үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көпбалалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Себет әзербайжан шах-палауы мен азық-түліктерді қамтыды. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы карантин уақытында қайырымдылық істерін жалғастыруда

Акция ұйымдастырушылары тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық  ҚХА-ның меценаттары мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмек көрсету орталығы үйлестіреді.

Айта кетейік, биыл тек бірінші тоқсанда жалпы сомасы 4 миллион 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді.