20 Қыркүйек, 2013

Алғашқы съезд тағылымы

361 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қазақстанды «өрке­ниет­тер ­торабы» деп бекер атамайды. Біздің еліміз – ислам және христиан сынды әлемдік дәстүрлі діндердің тоғысқан мекені. Бұл жерде ғасырлар бойы қазақтар мен басқа да этностар өкілдері бейбіт өмір сүріп, еңбек етті. Өсіп-өркендеуге негіз болған мәдени және рухани байланыстар қалыптасты. Бүгінде біздің халқымыз баға жетпес осы құндылықтарды сақтап, оны болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыруға ынталы.

Қазақстан өзінің өт­кен­­ кезеңдеріндегі қоғам­да этнос­аралық және конфессия­­ара­лық ке­лісім моделін қалыптас­тыра білді. Соның нәтижесінде елімізде 17­ діни конфессияға бірігетін 130-дан астам халық пен этностық топтар ауызбірлікте өмір сүруде.

Қазақстанды «өрке­ниет­тер ­торабы» деп бекер атамайды. Біздің еліміз – ислам және христиан сынды әлемдік дәстүрлі діндердің тоғысқан мекені. Бұл жерде ғасырлар бойы қазақтар мен басқа да этностар өкілдері бейбіт өмір сүріп, еңбек етті. Өсіп-өркендеуге негіз болған мәдени және рухани байланыстар қалыптасты. Бүгінде біздің халқымыз баға жетпес осы құндылықтарды сақтап, оны болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыруға ынталы.

Қазақстан өзінің өт­кен­­ кезеңдеріндегі қоғам­да этнос­аралық және конфессия­­ара­лық ке­лісім моделін қалыптас­тыра білді. Соның нәтижесінде елімізде 17­ діни конфессияға бірігетін 130-дан астам халық пен этностық топтар ауызбірлікте өмір сүруде.Әлемдік және дәстүрлі діндердің озық ғұрыптарына құрмет көрсетіп, заман талабына сай зайырлы мемлекет құру үстінде.

Дін саяси мемлекеттік үрдіс­терге араласпайды. Өз кезегінде мемлекет діни қауымдастық өздерінің әлеуметтік, салттық, ағарту және өзге де міндеттерінің толық орындалуына ықтиярлы жағдай жасап, олардың ішкі өміріне қол сұқпайды. Мемлекет конфессиялардың ішкі өміріне араласпау саясатын ұстана отырып, өздерінің коммуникативті, біріктіруші және әлеуметтік міндеттерін толыққанды жүзеге асыру үшін екі тарап арасындағы ашық диалогтың дамуына жағдай жасайды.

Әлемде дінаралық және мәдениетаралық негіздегі қайшылықтар мен шиеленістер әлі де баршылық, қатер мен қарсылықтардың жаңа ошақтары туындауда. Осы жағдайлар өз кезегінде қазіргі замандағы жаһанның дамуына ықпал ететін факторлар негізін белсенді зерттеп, жаңа амал мен ұстанымдарды іздестіруге итермелейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев, қоғамдағы өсіп келе жатқан діннің рөлін және дін атын жамылған террористік ұйымдар тарапынан туындайтын қатерлерді ұғына отырып, 2003 жылы Қазақстанның елордасы – Астана қаласында діни лидерлердің форумын өткізу жөнінде баға жетпес ұсыныс білдірді. Бұл бағытта Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялар арасында диалогты ілгерілетуге қатысты өзіне үлкен жауапкершілік арт­қа­нын жеке атап өткен абзал.­ Нұрсұлтан Назарбаев бас­тамасы Дүниежүзілік ислам ли­га­сының Бас хатшысы Шейх Ат-Түрки, Бүкіл Ресей Патриархы Алексии ІІ, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Израильдің Бас ашкенази рав­вині Иона Мецгер және бас­қа есімі әлемге танымал діни ли­дерлері мен ірі діни беделді тұл­ға­лар тарапынан қолдауға ие болды.

Мемлекет басшылары мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары қолдауының арқасында қазақ жерінде 23-24 қыркүйек аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі болып өтті. Оның жұмысына қатысу үшін Астанаға әлемнің 14 елінен 17 делегация келді. Съезге ірі державалар мен әлемдік ұйымдар тарапынан көптеген құттықтаулар келіп түсті. Олардың әрқайсысы дін көшбасшыларының жиынына сәттілік тіледі.

Бірінші съездің жұмысы бо­лашақтағы үйлесімді әлем­нің негізі ретінде адамзат бей­бітшілігі мен дамуын және қо­ғамдардағы тұрақтылықты қам­тамасыз ететін бірлескен әре­кеттер жайлы дін көшбасшылары пайымдаған декларацияның қабылдануымен аяқталды. Съездің нәтижесі бо­йынша, делегаттар діндер диалогы терең болуы қажет және пікір таласа білу негізінде жүзеге асырылуы тиіс деген қорытындыға келді. Діни салдарларға байланысты туа­тын тартыстардың себептерін анықтауға байланысты, дінаралық үйлесімді кемелдендіру, бір-бірін құрметтеу, басқа халықтар дәстүрлері негізінде үйрену сынды проблемалар көтерілді.

Өткен іс-шараның жетістігі ретінде, дінаралық форумды үш жылда бір рет өткізу туралы съездің шешімі қабылданды. Қазақстанға 2006 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезін ұйымдастырып, өткізу мәртебесі сеніп тапсырылды.

Бірінші съезд өзінің тарихи миссиясын жүзеге асырып, нәтижелі жұмысымен діни лидерлердің екінші, үшінші және төртінші съездерін дайындап, өткізудің даңғыл жолын салуға мүмкіндік тудырды. Ал съездің дайындығы мен өткізуіне қатысты бірқатар мәселелер бірінші съезге қатысушылардың шешімімен аталған іс-шараның бастамашысы Қазақстан тарапына ұсынылды. Съездің жұмыс органдары – хатшылық пен Хатшылықтың жұмыс тобы құрылды. Аталған органдар тұрақты түрде форумның мазмұнды және концептуалды құжаттары мен материалдарын, сонымен қатар, съездердің қорытынды құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Жиынның алғашқы бастамалары жайлы айтар болсақ, бірінші съездің қорытындысы бойынша, дін лидерлерінің форумын өткізіп тұруы үшін арнайы ғимарат салу шешімі қабылданды. Осылайша атақты архитектор Норман Фостердің жобасы негізінде, Астана қаласында Бейбітшілік пен келісім сарайы бой көтерді. Осы сәулетті де бірегей ғимаратта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының отырыстары өткізіліп келеді.

Биыл бірінші съездің шақырылғанына он жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Астана қаласында төрт съезд және Хатшылықтың 11 мәжілісі өткізілді. Діндер мен конфессиялар арасындағы келісім мен бейбітшілікті ту еткен съезд қанатын кеңінен жайып, жылдан-жылға нығайып келеді. Съезд жұмысының онжылдығына орай, 2013 жылдың 25 қыркүйегінде Съезд Хатшылығының мерейтойлық ХІІ мәжілісі және үлкен халықаралық конференция өткізілетін болады.

Мәдина ӘБІШЕВА,

Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бөлім бастығы.

Еліміздегі келісім идеологиясы

Әлеуметтік-құқықтық мемлекет тұжырымдамасының қалыптасуы әлемдік мәдениет өрлеуінің жетістігіне байланысты екендігінде дау жоқ. Жалпы, азаматтық қоғам идеясын әлемдегі жаңа саяси ұстанымдардың тарихи сұраныстарына берілген жауап ретінде қарастырамыз. Аталмыш түсінік индустриялық қоғамның даму заңдылығы саналады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы келісім идеологиясы ұғымын қарастырудың негізін қалайды.

Демократиялық және егемен елді сақтаудың кепілі ретінде саналатын келісім идеологиясы мәселелерін ғылыми тұрғыдан сараптау қазіргі заманғы әлемдік саясат үдерістерінде өзектілігі жоғары. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа еліміздің этнодемографиялық құрамы мен түрлі конфессиялардың өмір сүретіні, 130-дан астам этнос тұратын полиэтникалық мемлекет екендігі белгілі. Бұл шарттарда толеранттылықты қалыптастыру жиырма жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасындағы рухани, діни, азаматтық және қоғамдық келісімді сақтауға ықпал жасайды.

Жалпы, толеранттылық өз­генің өмір салтына, мінез-құл­қы­на, салт-дәстүріне, сана-сезіміне, пікіріне, идеяларына, нанымына төзімділік ретінде саналады. Толеранттылықты қалыптастыру демократиялық қауымдастық үшін маңызды мақсаттардың бірі. Қазақстандағы этностар бірлігінің символы саналатын Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев­тың демократияны нығайту про­цесінде толеранттылық саясатын тиімді қалыптастырудағы жемісті еңбектерін әлемдік қоғам­дастық толықтай мойындады. Елбасы саяси бағытты жүргізуде этносаралық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше мән береді. Бұлар Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі саяси ұстанымы екендігін бүкіл әлем жақсы біледі.

Этносаралық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның мем­лекеттік саясатының негізгі және дамуының қажетті басымдықтары болып табылады. Демек, еліміздегі азаматтық және қоғамдық келісім түрлі этностардың құқықтарын сақтаумен тығыз байланысты. Бұл процесте ерекше рөлге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен негізі қаланған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше.

Қоғамдық келісім мен толе­ран­тылықтың қазақстандық моде­лінің жүзеге асырылуының ма­ңызды нәтижесінің көрсет­кі­ші ретінде Қазақстан Республи­ка­сының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығын сәтті атқарғанын айтуға болады. Сонымен қатар, Елбасының қоғамда діннің рөлін толық сезінген саясаткер ретінде барша дін көшбасшыларын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезд еріне жинады.

Бірінші, екінші, үшінші және төртінші съездерде тұжырымдық ой және қақтығыстарды шешу құралы ретінде дінаралық және ұлтаралық қатынастардағы зор­лық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. Бірінші съезд аяқталған соң, отандық және шетелдік журналистерге сұхбат берген Елбасы Н.Ә.Назарбаев съезд жөніндегі ойын: «Біздің елімізде тағы бір үлкен тарихи оқиға болды деп саналады. Себебі, осылай деп бүкіл дүниежүзі мемлекеттерінің басшылары айтып жатыр. Әлемнің тарихында Азия елінде, мұсылман жерінде барлық діндердің басшылары жиналып, Құдайдың бір екенін, ол Құдайдың адамға жақсылық жасау мәселесі қозғалып, ешқандай дінде экстремизм жоқ, бір-бірімен тіл табысудың ең негізгі жолы – бір-бірімен сөйлесу, пікір таластыру, бір-бірін тыңдау екенін айтып, құжат қабылдадық», – деп түйіндеген болатын.

Еліміздің тәуелсіздігі тұсында­ғы толеранттылықтың дамуы ұлтаралық бейбітшілікті сақтауға ықпал жасайды, қоғамдағы тұрақтылықты қолдау мен демократиялық қайта құруларды қамтамасыз етеді. Этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде де жалпыхалықтық жетістік болып қала береді.

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

философия магистрі.