Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Ақмолада «Мәңгілік полк» интернет акциясы бастау алды

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Есіл  ауданында  Жеңіс күні мерекесіне орай «Мәңгілік полк» атты  интернет  акция  бастау  алды.  Шара аясында майдангерлерді олардың ұрпақтары әлеуметтік желілерде еске  алады. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция оныншы мамырға дейін жалғасады.

Ақмолада «Мәңгілік полк» интернет акциясы бастау алды

Ешкім  де,  ешқашан да ұмытылмайды. Есіл ауданында сұрапыл майданға қатысқан   ардагер жоқ. Олардың ең соңғысы осыдан екі жыл бұрын өмірден озған. Ал қан майданға аттанып,  Жеңісті күнге жетуге атсалысқан есілдіктер саны 3 мыңнан асады. Олардың ұрпақтары  қазір ата-баба ерлігін дәріптеп, тарихын айтып, бейнежазба түсіруде. Оны аудандық жастар ресурстық орталығы өз әлеуметтік парақшасында жариялайды.

– Төтенше жағдайға байланысты биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы жаңаша форматта өткізілмек. Қазіргі таңдағы індеттің орын алуына байланысты қазақстандықтар үйде отыруға мәжбүр. Дегенмен   ел қорғаған ерлерді еске алу бізге міндет.  Жеңіс күні қарсаңында ғаламтор желісі арқылы аудан тұрғындарына  «Мәңгілік полк» атты онлайн акция өткізетіндігіміз туралы хабарладық,–дейді аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы Назгүл Нұрлыбекқызы.

Бүгінде жастар орталығына  он шақты аудан тұрғынынан майдангерлер жайында ақпарат,  бейнебаян  келіп түскен.

– Біз, өз әкелеріміз бен аталарымыздың майдандағы ерен ерлігін ұмытпаймыз. Сұрапыл ұрысқа аттанған қазақстандықтардың арасында біздің әкеміз Байзулла Айғайбеков те болды.  Әскер қатарына ол 1940 жылы Еңбекшілдер ауданының әскери комиссариатынан аттанды. Әкем басынан кешкені туралы айтып отыратын. Ол соғыстың басынан бастап, соңына дейін алдыңғы шепте жүрді,–дейді ардагердің қызы Алтынай Айғайбекова.

Тарих ешқашан ұмытылмайды деген осы-ау.

 

Ақмола облысы