20 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

233 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

*Павлодар облысында егін орағы енді қызды. Әзірге бидайдың әр гектарынан кемінде 15 центнер, кей алқаптарда 27 центнерге дейін өнім алынып жатыр. Орақты жылдамдату үшін қырмандарға қосымша жұмыс топтары шығарылмақ.

*Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-98 жанармайын шығаруға дайын. Бұл туралы хабарлаған кәсіпорынның бас директоры Қайрат Оразбаев жыл соңына дейін мұнда 1,5 млн. тоннадан астам мұнай өңделетінін айтты.

*Балқашта көмір қалдығын өңдейтін өндіріс ошағы ашылады. Мамандардың айтуынша, аталған станса еліміздің энергия тапшылығын азайтып, әсіресе, оңтүстік аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Ол жылына 9 млрд. кВт/сағатқа дейін қосымша электр энергиясын өндіре алады.

*2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу алынып тасталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов хабарлады. Оның орнына түлектер екі емтихан тапсырады. Біріншісі, мектеп бітіргенде, екіншісі жоғары оқу орнына түсерде жүргізіледі.

*Air Astana әуе компаниясы Астана–Лондон рейсін ашады. Биылғы 29 қазанда бағыт түзейтін бұл қатынас жолы тікелей сипатта жүргізіледі.

*Астанада «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтіп жатыр. Оған 15 топ қатысуда. Бұл шоғырдан ең үздік 7 ұжым ақтық сынға іріктеп алынды. Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

*Шығыс Қазақстандағы Шемонайха жастары Үбе өзені жағасын тазалауға кірісті. Аймақтағы «ЭкоГрин» жастар қоғамдық бірлестігі, жастар орталығы, шығармашылық үйі секілді ұйымдардың бастамасымен қолға алынған бұл шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үлкен қолдау көрсетіп отыр.

*«Қазақстан алюминийі» экологиялық бұзушылықтар үшін 10 млн. теңге айыппұл төледі. Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тәртіп бұзушылықтар Лисаков қаласы прокуратурасының 2013 жылғы мамырдағы жүргізген тексеруі барысында анықталған.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.