20 Қыркүйек, 2013

Өркендеудің өзекті өлшемі

235 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.

Алдымен Теміртауда өткен «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысып, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылу барысы және партияның қоғамдық талқылауға ұсынған Доктринасы туралы делегаттармен ой бөлісіп, сөз сөйледі. Бұл маңызды құжаттың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Теміртаулықтармен әңгімелесу Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаумен жалғасты.

Министр сондай-ақ , осында кәсіпорындар басшыларымен, кәсіпкерлермен, Президент Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесті. Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту, инновациялық үдерістерді дамыту, өндірісті әртараптандыру, орта және шағын бизнесті қолдау талаптарына сәйкес атқарылып жатқан іс-шаралар мен міндеттер ортаға салынып, талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдар қойып, пікір алмасты.

Ә. Исекешев бұдан соң «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында болып, мұнда маңызды бірнеше жобаларды іске асырушы «Бемер Арматура» , «Изоплюс Орталық Азия» , «Хенву Орталық Азия» ЖШС-лар жұмысына зер салды. Аталған серіктестіктер жетекшілерімен арада « Сарыарқа» ЕЭА мүмкіндігін жетілдіру, инвестициялық белсенділікті күшейту, бірлесіп шешілуге тиісті толғақты мәселелер , кейбір түйткілді жайлар жөнінде әңгіме қозғалды. Өңірдің ғана емес, бүкіл ел экономикасы тынысына жаңа серпін беретін аймақты тез арада өркенді өндіріс ортасына айналдыру мақсатына байланыс­ты ортақ мүдделі міндеттер сараланды. Нысандарды аралаған соң « Қарағанды инвест» және «Металлургия, металл өңдеу индустриялық парк» ЖШС басшыларының есебі тыңдалды. Сонымен бірге Ә.Исекешев автономды энергия құру, экологиялық таза және қалдықсыз өнім өндіру технология­сын қолдануды өндіріске кеңінен енгізуші «Кенжер» АҚ пен кен байыту және тау-кен жабдықтарын жөндейтін «SVK GROUP» компаниясы тобының өндірістік базасы жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары соңында Әсет Исекешев облыс әкімі Бауыржан Әбдішевпен бірге аймақтың әлеу­меттік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылауға арналған облыс активімен жиын өткізді. Өзгеріс өлшемі өндіріс саналатын өңір алдына саланы дамыту бағытында нақты міндеттер қойылды.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.