Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Сарысулық қарияға құрмет көрсетілді

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Сонымен қатар, биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Жаңталап аулының тұрғыны, 88 жастағы еңбек ардагері Сәдікен Молдабекованың отбасына барып, бірлік күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Сарысулық қарияға құрмет көрсетілді

Көпті көрген кейуана аудан басшысының арнайы уақыт бөліп келгені үшін аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Басынан небір қиын-қыстау шақты өткізген қарт ананың айтуынша, ол сол кездегі Когонович орта мектебін бітіреді. Алайда оның жастық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына сәйкес келеді. Анасы Ақборықпен бірге сол кездегі Ұйым колхозының шаруашылық жұмыстарына да белсене араласады. Сол жылдардағы еңбегі еленіп 15 жасында арнайы Орақ - балға медалімен марапатталады. Ал, мектеп бітірген соң Ұйым колхозында кітапханашы, «Қызыл отау» жұмыстарының саяси ағарту жұмыстарына араласады. 1954 жылы жолдасы Қоңыр Ақбетовпен отау құрып, 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.
Бүгінде барлығына да жоғары білім беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған бақытты ананың жолдасы Қоңыр Ақбетов те Ұлы Отан соғысы жылдарында Моңғолия жеріндегі Холхин-гол әскери ұрыстарына қатысқан екен. Соғыс кезінде Жапонияны жеңгені үшін «За победу над Японии» медалімен марапатталған.

Соғыстан кейінгі жылдары Байқадам совхозында мал дәрігері болып еңбек етіпті.

Сәдікен апаның да ұзақ жылғы еңбегі еленіп, ол әр жылдары «Ұлы жеңістің 30 жылдығы», «Ұлы жеңістің 40 жылдығы», «Ұлы жеңістің 50 жылдығы», «Ұлы жеңістің 60 жылдығы», «Ұлы жеңістің 70 жылдығы» медальдарымен қатар «Алтын алқа» медалімен де марапатталады. Сәдікен апамыз бүгінгі жастарға әрдайым еңбекқор әрі тәрбиелі болуды өсиет етеді.

Қазіргі кезде Сәдікен апа 15 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ол болашақта тек жақсылық болуын, ешқандай соғыстың болмауын тілейді.

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар