Қала әкімдігіне қарасты әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен шаһардағы көмекке мұқтаж тұрғындардың тізімі алынып, оларға арнайы әзірленген ас мәзірі қала әкімдігі қызметкерлерінің және еріктілердің көмегімен үйлеріне жеткізіліп берілді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен бүгінде Тараз қаласының көптеген аумағында бірқатар құрылыс және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл бастама екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың заманауи келбетін арттыруға өзінің үлесін қосатыны сөзсіз. Осы орайда Тараз қаласының әкімі сол жұмыстарға атсалысып жүрген азаматтарды ауқаттандыруды да назардан тыс қалдырмады. Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдайдың жариялануына орай, ауызашарды тек тұрғындардың үйлеріне жеткізу қызметі бойынша ғана ұйымдастыру туралы шешім шығарған еді.
Жамбыл облысы