Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданында су басқан 4 ауылда 620 үй бүлінді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елді мекені, яғни Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.

Түркістан: Мақтаарал ауданында су басқан 4 ауылда 620 үй бүлінді

Тұрғындарды көшіру үшін даярланған 22 эвакуациялық орынға 7000 -ға жуық адам орналастырылды.

Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды  120 медицина қызметкері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.