20 Қыркүйек, 2013

Көмек көрсетуде алғашқы орын алатын аурухана

502 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл аурухана 1868 жылы ашылғанда небәрі 5 төсек-орын ғана болған екен. Ақ патшаның заманында қарапайым ха­лық­тан гөрі әскерге көп жағдай жасалған ғой. Міне, сол 5 төсектің өзі Шымкент жанындағы әскери бөлімге бағынышты болып, бір фельдшер мен бір медбике ғана қызмет етіпті. Ол кездегі медицинаның қыр қазағына қырын қарағанының тағы бір дәлелі – осы госпитальдiң құрылғанына 17 жылдан кейiн ғана онда жергiлiктi тұрғындар үшiн небәрi 7 төсек-орын бөлініпті. Демек, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының тарихы сол кезеңдерден басталады.

Бұл аурухана 1868 жылы ашылғанда небәрі 5 төсек-орын ғана болған екен. Ақ патшаның заманында қарапайым ха­лық­тан гөрі әскерге көп жағдай жасалған ғой. Міне, сол 5 төсектің өзі Шымкент жанындағы әскери бөлімге бағынышты болып, бір фельдшер мен бір медбике ғана қызмет етіпті. Ол кездегі медицинаның қыр қазағына қырын қарағанының тағы бір дәлелі – осы госпитальдiң құрылғанына 17 жылдан кейiн ғана онда жергiлiктi тұрғындар үшiн небәрi 7 төсек-орын бөлініпті. Демек, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының тарихы сол кезеңдерден басталады.

Содан бергі 145 жыл ішінде бұл аурухана талай заманды бас­тан өткерді. 1980-жылдары бұл шаңырақтың жұмысы өрге өр­ле­ді. Алайда, тоқырауға ұрынған тоқсаныншы жылдары денсаулық сақтау саласы бiршама қиын жол­дан өткені бәрімізге белгілі. Өкiнiшке қарай, бұл кездерi аурухана төсегi 605-ке дейiн қысқарып, материалдық-техникалық базасы да нашарлай түстi. Бірақ қандай жағдайда болса да, бұл емдеу орны өзiнiң адам емдеудегi iс­терiн бiр сәтке тоқтатқан жоқ. Ұлы терапевт А.Боткин жазғандай, дәрiгерлер мен медбикелер қандай қиын жағдайда болсын рухани тепе-теңдiктi сақтап ерлiкпен және қайсарлықпен еңбек еттi. Ал оларға бас дәрiгерлердiң өздерi керемет үлгi болды. Аурухананы В.Алиев басқарған жылдары «халықшыл Алиев» деген атаққа ие болды. Бұл мәртебе Д.Сексенбаевтың тұсында да жалғасты. Одан бөлек ауруханаға басшылық еткен Б.Сағымбеков, М.Биғалиев, Н.Қасымов деген азаматтардың барлығы да елге еңбегi сiңген, денсаулық сақтау саласының үздiктерi, үлкен жүректi жандар еді. Осы бас дәрiгерлердiң қайсарлығының арқасында ең мықты деген дәрігерлердің аздаған шоғыры сақталып қалып, олар емнің сапасы үшін адал қызмет етті.

Әрине, «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген, бү­гінде барлық бөлiмшелерi күр­делi жөндеуден өткен, аулалары алуан түрлi гүлге бөленiп, емделушiлердiң рухани демалысына айналған бұл аурухананың қазіргі жағдайына қарап отырып сүйсінесің. Облыстық аурухана – қаламыздағы ең жоғары дәре­жеде мамандандырылған көмек беретiн бес медициналық мекеменiң бiрегейi. Бүгiнде мұн­да 670 төсек-орын бар. Нау­қас­тарға амбулаторлық және ста­ционарлық жағдайда көмек көрсетіледi. Аурухана құрамында 21 клиникалық және 16 парак­ли­ни­калық бөлiмше бар. Жыл сайын облыстық клиникалық ауруханада 22-23 мыңнан астам адам емделiп, сауығып шығады. Яғни, халыққа медициналық көмек көрсетуде алғашқы орында.

Негізі науқас адамның ақ желеңді жанның алдына барған кездегі көңіл-күйі белгілі ғой. Та­мырын ұстап отырған дәрігер бі­лікті, тәжірибелі, сауатты болса­ екен, сырқатымды дәл тапса екен деп ойлайды. Негізі, нау­қас адам дәрігердің айтқанына имандай сенеді. Содан болар, жылы сөз дәметеді. Дәрігердің «Қор­қатындай дәнеңе жоқ, біраз ем алып, өзіңізге күтім жасаңыз, дертіңізден құлан-таза айығып кетесіз», деген жылы сөзінің өзі жарты ем. Сондықтан науқастар үшiн ең қажеттiсi – дәрiгердiң сауат­тылығы, адалдығы, мейірбан­ды­ғы.

– Медицинада күн сайын­ жаңалық, күн сайын өзгеріс. Сон­дықтан біздің аурухана ең алды­мен дәрігерлердің біліміне, біліктілігіне көп көңіл бөледі, –дейді бізбен әңгімесінде облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұхан Егiзбаев. – Білік­тілігін арттыру үшін шетелдерге де оқуға жібереміз. Былтырғы жылы 187 дәрігер Қазақстанда білімін жетілдірсе, 15-і шетел­дерде оқып келді. Биыл 13 дә­рігер шетелге кетті. Содан болар, облыстық клиникалық аурухана дәрiгерлерiнiң беделi бұ­рынғысынша жоғары. Соларға сенгендіктен, облысымыздың түкпiр-түкпiрiнен ауыр науқастар үмiтiн үзбей осында келедi.

Иә, шынында аурухананың хирургиялық бөлімшелерінде ота жасау мөлшері жыл сайын көбейіп келеді. Хирургтерд