Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Қарағанды: Бес адамның алдында COVІD-19 тізе бүкті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, мамырдың 3-і күні Қарағанды облысында коронавируспен ауырған бес адам жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды: Бес адамның алдында COVІD-19 тізе бүкті

Үй карантиніне жіберілгендердің төртеуі Қарағанды қаласының 1969, 1991, 1992 және 2013 жылдары туған тұрғындары. Бір пациент – Шахтинск қаласының 1948 жылғы тұрғыны.

Пациенттер толық емдеу курсынан өтті жәнеПТР-талдаудың нәтижелері теріс болған соң, олар екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVІD-19індетінен сауығып кеткендердің жалпы саны 73 адамға жетті.