Әлем • 03 Мамыр, 2020

Ресейде соңғы тәулікте 10 мыңнан астам коронавирус инфекциясы анықталды

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көрші елде пандемияның таралу аумағы үлкейіп барады. Тек соңғы тәулікте ғана 10 мыңнан астам науқастың жаңа дерегі тіркелді. Бұл күнделікті рекордтық өсім, науқастанғандардың жалпы саны соңғы тәулікте 134 687 адамға жетті.

Ресейде соңғы тәулікте 10 мыңнан астам коронавирус инфекциясы анықталды

Коронавирус ауруының 10633 жаңа диагнозы анықталды, оның ішінде 5948-і Мәскеуде, ал бір күн бұрын 9623 жаңа жағдай тіркелген.  Дәрігерлер пандемия деңгейі маусым айында төмендейді деп үміттеніп отыр. 

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы Сергей Бойцовтың айтуынша, жаңа жағдайлардың көбеюінің басты себебі - тексерулер санының көбеюі.  Сондай-ақ ресейліктердің басым көпшілігінің карантин ережелерін сақтай алмауы да себеп болып отыр.

«Мен коронавирусты жұқтырған адамдардың анықталуының артуының басты себебі ПТР тестілерінің көбеюі деп санаймын. Менің ойымша, карантиндік шаралар әлдеқайда қатаң болуы керек. Эпидемиялық жағдайды нақты бағалау туралы айтатын болсақ, онда күніне ауруханаға жатқызылғандардың санына назар аударған жөн»,  дейді Бойцов.

Ресейлік дәрігердің бұл сөзін РФ  Денсаулық сақтау министрлігінің сайты жариялады. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің бас эпидемиологы Николай Брико айтқандай, маусымда шектеу шаралары әлсіреуі мүмкін.  «Соңғы айда жаңа инфекциялар санының өсу қарқыны 27 пайыздан (2 сәуір) 6,9 пайызға дейін (1 мамыр), яғни төрт есе дерлік төмендеді, жағдай тұрақталса, маусым айында төтенше жағдай режімін тоқтату туралы мәселені көтеруге болатын шығар» деді Брико «Парламенттік газетке» берген сұхбатында.

Академиктің пікірінше, індеттің тез арада жойылып кетуін күтуге болмайды: «Эпидемияның дамуындағы тарихи тәжірибе эпидемияның кері даму кезеңі, әдетте, аурудың өсу фазасынан гөрі ұзаққа созылатындығын көрсетеді, бізге  эпидемиялық процес циклінің аяқталатын мерзімі туралы айту әлі ерте»  дейді ол. 

Сенбіде Мәскеу мэрі Сергей Собянин Мәскеуде эпидемияның ушығу қаупі бар болса, карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін  екенін ескертті. «Егер біз қандай-да бір қауіп-қатерді байқасақ,  бұл шараларды қатайту туралы ұсыныс жасаймыз»,  деді Собянин.

Оның айтуынша, егер қажет болса, электронды рейстердің санын азайтуға болады, онсыз москвалықтар қаланы айналып өте алмайды.  15 сәуірден бастап қолында  электронды талоны бар жолаушыларға Мәскеу бойынша жүруге рұхсат етілді.  Оның үш түрі бар:  Жұмыс сапарына, медициналық мекемелерге және «басқа мақсаттарға» сапарға бір реттік талон.  Сәуір айының соңында электронды талондардың қолданылу мерзімін шектеу туралы қаулы шығып, олардың кейбіреулері бұғатталды.