Қоғам • 04 Мамыр, 2020

Ел тарихында алғаш рет әскерге шақыру мерзімі кейінге қалдырылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

Ел тарихында алғаш рет әскерге шақыру мерзімі кейінге қалдырылды

«Елімізде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап Қарулы Күштер әртүрлі міндеттерді белсене атқаруда. Бүгінгі таңда 9500 әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асыруда. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімдерін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр және ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», деді Сәкен Жүсіпов.

Соңғы жаңалықтар