20 Қыркүйек, 2013

Жоқтан бар жасайтындар

466 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

немесе қағаздан, қанттан, жапырақтан ғажайып өнер тудырған көршілер

Үйренемін деген жанға жер бетінде кәсіптің түрі көп. Ал сол өнерді жетілдіріп, оның хас шеберіне айналған жандардың тірлігіне тәнті еткен ерекше көрме өтті Алматыда. Шындап келгенде, бұл көрмеге кездейсоқ тап келдік десек те болады. Келу­­шілерге көрсетілген өнер туындылары көз алдымызда жасалып жатты. Ең қызығы, бұл экспо­наттарды ұстап, тістеп, тіпті жеп қоюға да болады. Жоқтан бар жасап отырған осы істің май­тал­­­­мандары Қытайдың Чунцин деген қаласынан келіпті.

немесе қағаздан, қанттан, жапырақтан ғажайып өнер тудырған көршілер

Үйренемін деген жанға жер бетінде кәсіптің түрі көп. Ал сол өнерді жетілдіріп, оның хас шеберіне айналған жандардың тірлігіне тәнті еткен ерекше көрме өтті Алматыда. Шындап келгенде, бұл көрмеге кездейсоқ тап келдік десек те болады. Келу­­шілерге көрсетілген өнер туындылары көз алдымызда жасалып жатты. Ең қызығы, бұл экспо­наттарды ұстап, тістеп, тіпті жеп қоюға да болады. Жоқтан бар жасап отырған осы істің май­тал­­­­мандары Қытайдың Чунцин деген қаласынан келіпті.

Екі күн бойы алматылықтарды ризашылық сезіміне бөлеген көрме «Аттанатын бекет: «Жаңа Жібек жолы» деп аталады. Сонымен, Чунцин – Синьцзян – Еуропа халықаралық темір жол дәлізі бойымен келе жатқан мәдени шара – ендігі Жібек жолы арқылы Қытаймен таныстыруды мұрат тұтады. Бір жағынан «Қытаймен таныстыру» деген жалпылама атауға ие шаралардың легін Қытай Халық Республикасының шетелдердегі Мемлекеттік кеңесінің Кеңсесі жүргізіп жатқан жайы бар. Сонау 1999 жылдан бері мұндай көрмелер мен басқа да мәдени салалардың ғажайып мұраларын арқалаған барыс-келістер Франция, Швейцария, АҚШ, Түркия, Ресей, Оңтүстік Америка сияқты көптеген елдерде кезегімен жүзеге асып келеді. Атқарылған шаралар осы елдерде де үлкен қошеметке ие болып, үкіметтер, БАҚ өкілдері мен тиісті ұйымдар тарапынан жоғары баға алған. Осылайша, аталмыш шара Қытай мәдениетін әлемге танытатын негізгі брендке айналған.

Айтқандай, Қазақстан мен Қытайды Еуропаға жалғайтын «Чунцин – Синьцзян –Еуропа» темір жол дәлізі 2011 жылы ресми түрде қозғалысқа кірісіп, оның құрылысына 6 бірдей мемлекет атсалысқанын айтуға болады. «Үшінші еуразиялық құрлықтық көпір» дейтін де атауы бар бұл жобаның стратегиялық маңызды жоба екендігін ұмытпау керек. Чунциннен бастап Қазақстан, Ресей, Белоруссияны басып өтіп, Польша арқылы немістердің Дюссельдорф қаласына жетіп жығылатын темір жолды жолаушылары 11 179 шақырымды артқа тастап 16 тәулікте жүріп өтеді. Ал бұл теңіз көлігіне қарағанда 30 күнге жылдам әрі бес есе арзан.

Ал енді осы темір жол алып келген ғажайып көрмеге оралсақ, көзіміз инедей қылқаламмен басын көтермей жапыраққа сурет салып жатқан чунциндік Чжоу Минчунь атты қытай азаматына түсті. Оның қолындағы жапырақ мәрлі сияқты аппақ әрі арғы жағынан Күн көрінеді. Біздіңше, фикустың жапырағы сияқты, оған сурет салатын қылқалам шебері алдымен аса сапалы жапырақты арнайы ерітіндіге салып, ылғалы мен жұмсағын кетіріп, тек тіндері қалғанша өңдейді. Өздері білетін әдіспен оны тағы да матадай жұмсақ етіп, оған қалаған бейнені арнаулы бояулармен өрнектей бастайды. Бұл да өнердің жаңа түрі. Алақандай жапырақта ғажайып тауыс құсы мен Қытай пандасынан бастап Ұлы Қытай қорғанына дейін бейнеленген. Дәл осы керемет, қайталанбас туындылары үшін Чжоу Минчунь отандық қылқалам шеберлерінің байқауларында көзге түсіп, дизайнерлік дарыны үшін марапатталып келеді.

Сол сияқты, кәдімгі қағазды қайшымен қидалап отырып-ақ, қолыңызға тамаша өрнекті, бүтін бір тақырыпты ұстата салатын Янлин ханымның шеберлігіне риясыз қошемет көрсете бастайсың. Өз елі Янъи деп еркелететін хань ұлтының сұлуы ою салу өнерін түпсіз меңгергені соншалық, ешкімнің қиялына кірмеген дүниелерді қағаздан ойып береді. Мұндай өнерді әулетінен мұраға алған Яслиннің туындылары «Янъидің қағаз қиындылары» деген сауда белгісіне ие, өзінің студиясы бар шебер Чунцинде шәкірттерін осы өнерге баулып қана қоймай, Қытайды қолының ептілігімен әлемге насихаттап жүрген ісмер екен.

Қытайдың танымал кестешісі Хуайминь бикештің айлап, жылдап тіккен кестелерін тамашалай отырып, кәдімгі ил