Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қызылорда: Адасқан бала ата-анасына табысталды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында полицей төрт жастағы жоғалып кеткен баланы тауып, ата-анасына табыстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда: Адасқан бала ата-анасына табысталды

30 сәуірде Жаңақорған кентінде төрт жасар бала көшеде ойнап жүріп, адасып кеткен.  Баланың үйден шығып кеткенін әке-шешесі де байқамай қалыпты.

Осы күні кент орталығында қызметтік міндетін атқарып жүрген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Абдуллаев пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ержан Айтжанов көше бойындағы бір қуыстан кішкентай баланың даусын естиді. Мұның тегін еместігін сезген олар әлгі аумақты шолып, қараңғы қуыстан адасып кеткен бүлдіршінді табады. Баланың өзі ештеңе айта алмаған соң полиция бөлімінің жеке құрамына хабар беріп, оның үйін тауып, ата-анасына кішкентайды аман-есен табыстады.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана  Алмас Абдуллаев пен Ержан  Айтжанов өз-өзіне қол жұмсамақ болған аудан тұрғынын құтқарып қалған болатын.