Бұрын жолаушылардың өздері мінген таксидің жүргізушісін тонап, өзін өлтіріп кеткені туралы суыт хабарларды ара-тұра естіп тұрушы еді, бұл жолы бұлардың орын алмастырған жағдайын естіп, жағамызды одан бетер қымқыра ұстай түстік.
Бұл жолы оқиға Талдықорған қаласында орын алды. Полиция қызметкерлері 19 жасар қызды тонап, өлтірді деген күдікпен бір таксисті қамауға алды. .
«Анықталғандай, 6 тамыз күні кентке жақын маңда жас жігіт өзінің «Форд-экскорт» автокөлігінің салонында қызды зорлауды көздеп, оған пышақ жұмсаған. Сол күннің кешінде қыз бала өзінің туыстарына қонаққа бару үшін жолға шығып, таксист ретінде жеткізіп салмақшы болған жігіттің көлігіне отырған. Кеуде тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған қыздың денесі Талғар ауданы Қызылту кентінің шеткейіндегі қоқыс арасынан табылған болатын», делінген осыған байланысты таратылған хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат АЙТҚОЖА.