Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Елімізде биылғы І тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясына қарамастан елімізде биылғы І тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Елімізде биылғы І тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті

Әлемде және елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан биыл І тоқсан қорытындысында өнеркәсіптің барлық саласында оң серпін байқалды.

2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі көлемі 5,8%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 5%, өңдеуші өнеркәсіп 8,8% өсті.