Белгілі болғандай, 2 мамыр 2020 жылы сағат 15:00 шамасында жаңбыр аралас жел болып, Аққойлы елді мекені З.Пердебайұлы көшесінің бойында орналасқан 17 тұрғын үйдің шатырына зақым келген. Электр жарығы тартылған 3 баған құлап линиялар үзілген.
Қазіргі таңда, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің мамандары келіп Аққойлы елді мекеніндегі электр жарықты өшіріп, электр бағандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ зақымданған үйлерді 10 күн шамасында қайта ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Аққойлы елді мекенінде 60 отбасы 412 адам тұрады.