Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қостанай: Жұмысқа жеке көлікпен барып келуге рұқсат етілді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасы арқылы мәлім етті.

Қостанай: Жұмысқа жеке көлікпен барып келуге рұқсат етілді

«Бүгін коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткіздім. Отырыс барысында 2020 жылдың 4 мамырынан бастап шектеу шараларын жеңілдету мәселе қаралып, келесі нысандарға жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

  1. Шаштараз (тек алдын ала жазылу бойынша);
  2. Автосалондар, гүл павильондары, фотосалондар, фотоателье, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханалары;
  3. Ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер (сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін);
  4. Тұрмыстық техника дүкендері;
  5. Оптика дүкендері;
  6. Медициналық орталықтар, стоматологиялар (алдын ала жазу бойынша);
  7. Айырбастау пункттері;
  8. Ақпараттық - коммуникациялық технология компаниялары.

Сонымен қатар, жұмысқа жеке автокөлікпен барып келуге рұқсат етілді» деді аймақ басшысы.  

      

Қостанай облысы