Спорт • 04 Мамыр, 2020

Футбол: Қазақстанда алғашқы команда жаттығуды бастады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ақтөбе» клубы елімізде карантиндік талаптар жеңілдетіле бастаған соң қазақстандық командалардан бірінші болып жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Футбол: Қазақстанда алғашқы команда жаттығуды бастады

Сәуір айының соңында еліміздегі Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат берген болатын. Осылайша «Ақтөбе» клубы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы басшылығымен келісе отырып, жаттығу жұмыстарын бастады.

Команданың алғашқы жаттығуы бүгін Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтеді. Карантинге байланысты елімізде футбол маусымының үзілісі бір жарым айға созылды. Бүгіннен бастап өзге командалар да жаттығу жиынына кіріседі.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан біріншілігінің 5 дүркін жеңімпазы «Ақтөбе» былтыр ел чемпионатында соңғы орын иеленіп, Бірінші лигаға түсіп қалған еді.