Әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестті (полимеразды тізбекті реакция) өткендігі туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті. Covid-2019 жұқпасының болмауы туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады. Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасатуға болатын орындар.:
Абылай хан даңғылы, 42 (бас офис) Ұлттық ғылыми медициналық орталық (ҰҒМО). Тел.: 87172 577609
Қабанбай батыр даңғылы, 27 (Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиясы). Тел.: 87172 445820, Ұялы тел.: 87084253685
Сонымен қатар тестілеуден мына мекен-жайлар бойынша өтуге болады::
«Олимп» КДЛ (19 мың 760 теңге)) : - Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйық көшесі, 2 (мобильдік пункт). Тесттер тек алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) (http://covid.kdlolymp.kz); «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (11 мың 500 тг): -Желтоқсан көшесі, 46, тел. 31-54-09.
Қойылған талаптар: санитарлық талаптарды қатаң сақтау, жолаушылардың саны аз болу қажет, ара қашықтықты сақтау маңызды.