Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қызылорда: Мерекедегі онлайн шаралар

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар онлайн шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Әбішев хабарлады.

Қызылорда: Мерекедегі онлайн шаралар

Шаралар облыс әкімінің онлайн құттықтауымен бастау алып,  жаңадан іске қосылған «Сыр шаңырағы» youtube каналындағы «Ел ертеңі - жас ұлан» атты әскери патриоттық концертке жалғасады.

Сондай-ақ облыс музейлері мен кітапханаларында «Сыр елінің қаһарман ұлдары» атты тақырыптық виртуалды көрмелер, жас сарбаздардың «Мен –  әскердемін» бейне челленджі өткізіледі.

Облыс бойынша орталық көшелер мен Тағзым алаңдарына тақырыпқа сай безендіру жұмыстары жасалды. Қызылорда қаласы және барлық аудандарда тақырыптық баннерлер, билбордтар ілінді. Алдын-ала тұрғындарды хабардар ету мақсатында жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде «Мен– батырдың ұрпағымын», «Отан қорғаушылар күні» атты айдарлар ашылып,  кең көлемді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жеңіс мерекесіне орай  «Сыр өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты виртуалды тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылып, Сейітмұрат Ембергеновтің «Ана жүрегі» атты онлайн спектаклі қойылады.

Сондай-ақ «Сыр Шаңырағы» youtube каналында «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы, «Майдан даласында жазылған хаттар Сыр мақамында» атты облыстық жыршы-термешілердің концерті ұйымдастырылады.

Мұнан бөлек, 16 майдангер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік құттықтау, құрмет көрсету шаралары ұйымдастырылады.