Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қазалыда алғашқы дән себілді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалылық диқандар күн жылынғаннан жер тырмалап, егін егуге дайындықты бастап кетті. Қазір шаруалар егістік жерді тазалау мен жер жыртуды аяқтап, тұқым себу жұмыстарын қолға алуда.

Қазалыда алғашқы дән себілді

Сенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр маржаны» серіктестігінің егістік алқабында алғашқы дән себу рәсіміне қатысып, диқандарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, егіс алқабында салалық мекемелер және шаруашылық басшыларымен кездесіп, күріш егу жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан  бойынша биыл 6341 гектар жерге күріш егу межеленген. Бүгінгі күні оның 350 гектарына тұқым себіліп, 200 гектары суға бастырылды.