Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Саяжайға жасалған рейд біраз ретсіздікті анықтады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 - 3 мамыр аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері қала маңындағы саяжай учаскелеріне рейдтік тексерулер жүргізді. Шараға 76 полицей мен 12 автопатруль жұмылдырылды.

Саяжайға жасалған рейд біраз ретсіздікті анықтады

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша  ІІО-да есепте тұратындарды тексеру бағытындағы мұндай рейдтер жиі өткізіліп тұрады.

Бұл жолғы тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзудың  1 дерегі анықталып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин режиміне қарамастан, «ПМК-29» саяжайында жалға берілетін орындарда демалыс ұйымдастырған 1 азаматқа қатысты хаттама толтырылды.   

Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдау) 1 азаматқа  қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, ҚР ҚК 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 2  дерек  тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35