Президент • 05 Мамыр, 2020

Президент: Медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыруы тікелей бақылауымда

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Президент: Медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыруы тікелей бақылауымда

«Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызы зор. Билік тарапынан барынша жағдай жасалуда»,- деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы пандемиямен күресте медицина жүйесінің осал тұстары анықталғанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, індетпен күрес барысында медицина жүйесінің осал жақтары да анықталды. Сақтық шараларына қарамастан, көптеген медицина қызметкері вирус жұқтырып алды. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, осындай қиындыққа тап болдық. Бұл жағдай тікелей бақылауымда. Нақты тапсырмалар берілді. Індетпен күресуге атсалысқан дәрігерлерге тиісті үстемеақы төленуде»,- деп атап өтті Президент.