«Дағдарыс жағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды. Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті. Коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлінгенін білесіздер. Ел азаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шаралары қосымша қаржыны талап етеді», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайтынын атап өтті.
«Ескерте кететін бір жайт, бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды. Ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды. Үнемделген қаражат экономиканың тұрақты дамуын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмсалуда. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр»,-деді Президент.