Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері

1279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» деген тақырыппен «Egemen Qazaqstan» газетінде бүгін жарық көрген сұхбатында бас басылымға осылай деп баға берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері

«Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтан бас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор», - деді Президент газет басшысы Дархан Қыдырәліге берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы осы сұхбатында елдегі төтенше жағдай режіміне байланысты ахуалға, коронавирус індетіне қарсы күрес пен  экономиканы, шағын және орта бизнесті, қарапайым халықты қолдау шараларына кеңінен тоқталып, алда атқарылатын істер мен жоба-жоспарларға қатысты пайымдарымен бөліскен.

Еске сала кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік лауазымға кіріскелі бері «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланып отырған екінші сұхбаты. Президенттің бұған дейінгі сұхбаты  өткен жылы газетімізде  «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» деген тақырыппен жарияланған болатын. Ішкі және сыртқы саясатты қамтыған кең көлемді сұхбатта Қазақстанның басым бағыттары, әлеуметті толғандырған тақырыптар қозғалды.