Экономика • 05 Мамыр, 2020

Салымшылардың қаражатына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты.

Салымшылардың қаражатына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ

«Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкілдері де, қарапайым салымшылар да мүдделі. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлттық экономиканы көтермелеудің бір жолы», - деді Қ. Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Ұлттық банк ахуалды бақылап отыр.       

«Қазір банктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдік беретін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк бақылап отыр. Сондықтан салымшылардың қаражатына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ», - деді Президент.