
Әңгіме арқауы – Саяси доктрина
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – «Нұр Отан» ХДП Саяси бюросының мүшесі Ерлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП Балқаш қалалық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясында «Партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» атты Саяси доктринасы туралы» баяндама жасады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының, партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Әңгіме арқауы – Саяси доктрина
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – «Нұр Отан» ХДП Саяси бюросының мүшесі Ерлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП Балқаш қалалық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясында «Партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» атты Саяси доктринасы туралы» баяндама жасады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының, партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
«Ел азаматтарының өмірін сапалы түрде жақсартуға ұмтылу, оны қоғамның көптеген мүшелерінің күш-жігерімен және әлеуметтік тұрақтылықпен қамтамасыз ету – партияның саяси доктринасының басты міндеті. Доктрина – адамдар жаңарудың әр кезеңінде біртұтас елдің ажырамас бөлшегі ретінде сезінетін күнделікті қамқорлық пен биік мақсаттардың қосылуы болып табылады», – деп атап өтті Е.Нығматулин.
Сол күні сенатор Ләззат Тұрлашов та «Нұр Отан» ХДП Алматы облысындағы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс ХV конференциясына қатысты. Жиналыста аталып өтілгендей, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында экономикалық тұрғыда өркендеп келе жатқан, әр азаматқа берік әлеуметтік кепілдіктері бар мемлекет қалыптастыру бағытының айнымастығы мазмұндалған. Партияның миссиясы өркендеу жолындағы, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағдарды ұстанған мемлекет құру және бірте-бірте дамыту жолын қамтамасыз ету болып отыр.
3-сессия: міндеттер мен межелер
Мұның алдындағы парламенттік бетімізде жаңадан тағайындалған бір топ Сенат депутаттарының алдағы атқарар жұмыстарының жоспарымен таныстырған болатынбыз. Бұл жолы осы палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жаңадан сайланған мүшесінің сөзі беріліп отыр.
Георгий Ким,
Сенат депутаты:
– Үшінші сессияны ашарда сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бес бағыт бойынша Парламенттің басымдықты міндеттерін айқындап берді. Сондықтан да Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, экономиканы, соның ішінде «жасыл» экономиканы және инновациялық үдерістерді ары қарай нығайту үшін бірқатар заң жобаларын қабылдауымыз қажет. Ең бастысы, Парламентке Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізумен байланысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіп, басымдық берілген заң жобаларының үлкен блогын жедел қарастырған жөн.
Мемлекет басшысы басымдықты деп атап кеткен заң шығарушылық міндеттердің төртінші блогы құқық қорғау заңнамасын терең реформалау және жаңғырту екені мәлім. Осыған байланысты Парламент Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқарушылық кодекстердің, сондай-ақ, Әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің жаңа жобасын қарауы тиіс.
Жоғарыда аталған кодекстердің қабылдануымен қылмыстық сот ісі жүйесі жаңғыртылатын болады. Яғни, бұл құқық қорғау заңнамалары азаматтардың еркі мен бостандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оны жаңа сапалы деңгейге шығарады. Шынтуайтында, әлемдік тәжірибені пайдалана отырып Қазақстанның сот және құқық қорғау жүйесінің құрылуында жаңа құқықтық негіз қалыптасады.
Сот және құқық қорғау органдарындағы үлкен жұмыс өтілі бар заңгер ретінде мені Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқарушыл ық кодекстердің, сондай-ақ Әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің жаңа жобасы қатты қызықтырады. Толықтай алғанда, барлық мәселе құқық қорғау жүйесін қамтитын заңнамаларды реформалауда болып отыр, өйткені, көптеген проблемалар мен мәселелер прокуратураны, арнайы қызмет органдарын және сотты бір- бірімен тығыз байланыстырады. Сондықтан да бұл бағытта атқарылар шаруалар шаш етектен.
Елбасы айқындап берген заң шығарушылық міндеттерді дер кезінде қарап, қабылдау еліміз экономикасын және инновациялық үдерістерді ілгерілету үшін де қажет. Мен Мәжіліс және Сенат депутаттары болып, бұл үдеден шығамыз деп ойлаймын.
Жазып алған
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Партия құжаты байыпталды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында «Нұр Отан» конференциясына қатысты.
«Партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасының «Азамат және мемлекет» тарауы бойынша сөз алған Р.Ахметов: «Азаматтық қоғамның бөлігі болып табылатын «Нұр Отан» партиясы халық мүддесін көздей отырып, азаматтық бастамаларды дамыту үшін жағдай жасауға ұмтылады. Қуатты мемлекет, ең алдымен білімді, денсаулығы күшті, өз күшіне сенімді азаматтар екені айқын. Сондықтан, саламатты өмір салтына, жаңа білімге, кәсіби тұрғыда біліктілікке ұмтылу қалыпты және дағдылы әдет болуға тиіс», – деді.
Партия Доктринасына қолдау білдірілді.
Конференция барысында сенатор азаматтармен аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін де талқылады. Тасқала ауданының тұрғыны Жанболат Айтжанов республикалық маңызы бар Орал – Тасқала – Саратов автомобиль жолын жөндеу мәселесін көтерді. Ол осы көкейкесті мәселені шешуде сенатор Р.Ахметовтен көмек көрсетуді өтінді.
*Талқылау тағылымы
Зияткерлік меншік мәселелеріне арналды
Парламент Сенатында «Зияткерлік меншік: өзекті құқықтық мәселелер және сот практикасы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Шараға Сенат Төрағасының орынбасары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Әділет, Ішкі істер, Қаржы, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.
Отырыста Сенат Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов құттықтау сөз сөйлеп, зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан құқықтық жүйесінің дамуының негізгі кезеңдерін атап өтті. «Әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан түбегейлі өзгерістер жеткен жетістіктерге аялдауға мүмкіндік бермейтінін түсінеміз. Зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан заңнамасы оны тиісті деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Сонда да осы сала бойынша жұмыстар жалғаса береді, өйткені, зияткерлік меншіктің жаңа нысандары, оларды пайдаланудың жаңа тәсілдері пайда болуда», – деп атап өтті Қ.Ищанов.
Сонымен бірге, осы шараға төрағалық етуші, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне және Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасуына байланысты негізгі мәселелердің бірі зияткерлік меншік құқықтарын тиімді және дұрыс қорғау жүйесін құру болып табылатынын атап өтті.
Отырыс барысында Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина зияткерлік меншіктің көкейкесті мәселелері бойынша сөз сөйледі. Тауар белгілерін тіркеу барысында туындайтын даулар бойынша Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істері бойынша сот қадағалау алқасының судьясы Николай Мамонтов егжей-тегжейлі әңгімеледі. Авторлық және қосалқы авторлық құқықтардың бұзылуымен күрес туралы ІІМ қабылдаған шаралар туралы тергеу комитетінің төрағасы Марат Қожаев баяндама жасады. Сенатор Юрий Кубайчук зияткерлік меншік саласындағы еліміздің заңнамаларын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
*Іскерлік іссапарлары
Шаралар қолдану – тең жағдайларға мүмкіндік
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин «Экономиканың түрлі салаларындағы өнім нарықтарында бәсекелестіктің тең жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері» тақыры бы бойынша халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Шара Беларусь Республикасының Брест қаласында өтіп, оған Қазақстан, Беларусь және Ресей депутаттары, монополияға қарсы органдар мен бизнес қауымдастықтарының басшылары қатысты.
Еуразиялық жоғары экономикалық кеңесінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы «Нарықтарды шекаралық аймақтарға жатқызудың сипаттарын бекіту туралы» шешімінің тапсырмаларын орындау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан, Беларусь және Ресей аумақтарын қамтитын шекаралық аймақтардағы нарықтарға талдау жүргізеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бірлескен жұмыстар тәртіп бұзушылықтарды, үстем жағдайды асыра пайдалану мен жосықсыз бәсекелестікті анықтауға мүмкіндік беретінін айта келіп, сондай-ақ тәртіп бұзушыларға тиісті шаралар қолдану Біртұтас экономикалық кеңістіктің тауар нарықтарында бәсекелестіктің тең жағдайларын қамтамасыз ететінін жеткізді.
*Депутат дабылы
Балалар құқы заңмен қорғалуы тиіс
Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,
Мәжіліс депутаты.
Бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген жағымсыз хабарды БАҚ таратты. Yahoo Groups және Facebook әлеуметтік желілерінде жетім балаларды сату, айырбастау туралы жарнама беріліп, таратылып тұрған хабарландырулар әшкере болды. Бұл сау басы саудаға түскен балалардың ішінде Қазақстаннан асырап алынған біздің азаматтарымыз да бар. Яғни, біздің тағдыры ауыр осы бейбақ балаларымызды кейбір шетелдік асырап алушы «ата-аналары» біраз уақыттан кейін жетім малша саудаға шығарып, сатып жіберетіндігі белгілі болып отыр. Сонымен қатар, бұл сайттар балаларды сатумен қоса, оларды алмастыру, ауыстырумен де айналысады екен. Бұл масқара қылмысты, қазір естуімізше, америкалық құқық қорғау органдары тексеріп жатқан көрінеді. Жауапкерлер жауапқа тартылар, заңсыз жарнамашы сайттар жабылар, бірақ, бұл факт өмірдің талқысына түскен біздің бейбақ балаларымыздың тағдырларынан, олардың тыныс-тіршіліктерінен хабардар етеді.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, шетелге асырауға берілген баланың тағдыры біздің мемлекеттік органдарымыздың бақылауынан шығып кетеді, жетімдеріміз шетел асқаннан кейін олардың тағдырына араласу тетіктері аз. Үлкен көршіміз Ресейдің өзінде бұл мәселе шешім-түйіні тарқатылмаған өткір мәселе болып қалып отыр. Жат жерде қатыгез әкеден ажал құшқан Дима Яковлев қасіретінен кейін көрші Ресей шетелдіктердің бала асырап алуына тыйым салып, тоқтатып қойды. Біздің еліміз де шетелге кеткен балаларымыздың тағдырын назардан шығармай, бақылауда ұстауға міндетті.
Қазақстанда шетел асқан балаларды қорғау мәселесі – бұрыннан да қызу талқыланып келе жатқан өте өткір мәселе. Осыдан 5-6 жыл бұрын да қоғамда жетім балаларды шетелдіктердің асырап алуына қарсылық болып, қоғамда қызу пікірсайыс туғызған еді. Алайда, сол кездегі мемлекеттік органдар депутаттарды шетелдіктерге асырап алуға берілген жетім балалардың барлығын жарқын өмір күтіп тұрғанын айтып, олардың тағдырына алаңдауға негіз жоқ деп сендірген еді. Тіпті, кейбір батыстағы бақуатты отбасылар асырап алған жетімдердің бақытты өмірлерін теледидардан көрсетіп, газеттерде емделіп қатарға қосылған мүгедек жетімдердің жарқын болашағы туралы жарыса жазған мақалалар шыққан болатын...
Алайда, мына факт шетел асқан балғын бөбектеріміз өздерінің жаңа отбасынан бәрі бірдей өз бақытын таба бермейтіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан Білім және ғылым министрілігі шетелге кеткен балаларымыз туралы деректерді түгендеп, олардың әрқайсысының тағдырын бақылауға алуға міндетті деп ойлаймын. Қажет болса, балалардың құқығын қамтамасыз ету бөлігі бойынша толықтырулар енгізіп, заңмен толық қорғалуы тиіс.
*Сауал салмағы
Жол-көлік апаты
еліміздегі адам өлімінің негізгі себебіне айналу қаупі бар
Сенаттың соңғы өткен жалпы отырысында депутат Орынбай Рахманбердиев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына сауал жолдаған болатын. Онда былай делінеді:
«Республикамыздың жолдарындағы жол жүрісі қауіпсіздігінің жағдайы қашанда күрделі болғаны белгілі, алайда, соңғы кездері автокөлік қауіпсіздігі мәселесі ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін дәрежеге жеткендей.
ІІМ Жол полициясы комитеті баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, 2013 жылдың 8 айының өзінде ғана 13108 жол-көлік оқиғасы тіркелген , соның салдарынан 1824 адам қаза тапқан, оның 180-і балалар; 17062 азамат жарақат алған, оның 3056-сы балалар.
Апат санының көп болуына жүргізушілердің жол жүрісі ережесін өрескел бұзуы, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиісті дәрежеде жұмыс істемеуі, жол-көлік инфрақұрылымының нашар жағдайы себеп болып отыр.
Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін өте жеңіл жолмен алу – жолдағы тәртіптің төмен болуының бірден-бір себебі екенін айтып өткен жөн. Автокөлікті денсаулық жағдайына, жасына және басқа да себептерге байланысты рульге отырмауы тиіс адамдар да жүргізуде. Қаржы полициясы агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 2010 жыл мен 2013 жылдың бірінші тоқсаны аралығында наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған, соның ішінде шизофрения, психоз, созылмалы және асқынған психикалық аурулары бар азаматтарға жүргізу куәлігі берілгені туралы 1826 факт анықталған.
Сондай-ақ, автомобиль жолдары жобаларының сапасыз жасалуы және орындалуы туралы фактілер жиі кездесіп жатады. Күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей, қазіргі кезде елімізде автокөлік саны жедел өсіп, ауыр жүк көтеретін, жоғары жылдамдықпен жүретін, габаритті автокөлік құралдарының жаңа модельдері көптеп пайда болып жатыр. Ал біздегі жол саласының жағдайын реттейтін нормативтік құжаттар болса әбден ескірген, керек десеңіз, олар осыдан 20-30, тіпті 40 жыл бұрынғы талаптарға негізделген.
Осыған байланысты, ғылымның ең үздік жетістіктерін, озық тәжірибелерін пайдалана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін міндетті түрде көтеретін мезгіл жетті деп есептейміз. Сонымен қатар, жолды сапасыз салған құрылысшыларға да қатысты жазадан бұлтартпау шаралары қолданылуы қажет деп санаймыз.
Жол жүру қауіпсіздігі саласындағы бүгінгі күні орын алып отырған күрделі жағдайлар жүргізушілердің денсаулығын қатаң бақылауға, олардың алғашқы жүргізушілік дайындығын жетілдіруге, қолданыстағы автокөліктің техникалық жағдайларына жоғары талаптар қоюға, халықты жол жүру қауіпсіздігі шараларына үйретуге, жол қауіпсіздігіне байланысты құқықтық нормаларды одан әрі салмақтандыруға, жол жүру қауіпсіздігін кеңінен насихаттауға, жолдардың сапасын қалыпқа келтіруге және жол-көлік апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді және оның салдарын жою жүйелерін дамытуға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды талап етеді.
Егер бұл мәселе жөнінде дер кезінде тиісті шаралар қарастырылмаса, болашақта ол күрделеніп, жол-көлік апаты еліміздегі адам өлімінің ең негізгі себебіне айналуы әбден мүмкін. Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере келе, өзіңізден қазіргі кезде Үкімет тарапынан осы жол апаты мәселелерін шешуге бағытталған қандай кешенді шаралар қарастырылғаны туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз».
*Сізді не толғандырады?
Ұлттық брендтер қалыптастыруға ұмтылайық
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту, сапалы өнім өндірушілерге қолдау көрсету аясында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Әсіресе, отандық ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдеріне барынша қолдау жасап, дамытуға мүдделі болып отырмыз.
Алмас ТҰРТАЕВ,
Мәжіліс депутаты.
Қазақ халқы адам қажеттіліктерінің ішінде асты жоғары бағалап, қадірлей білген. «Астан үлкен емессің», деген секілді ескертпе сөздер, мақал-мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін тауып, жазда да, қыста да бұзбай, құнарын-нәрін сақтаудың әдіс-тәсілдерін жетік білген.
Төрт түлікті ерекше қадірлеген ата-бабаларымыз оның етін сүрлеп, сүтінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары майды барлық маусымдарға пайдалануға мүмкін етсе, көкөніс, жеміс-жидектердің табиғи құнарын сақтап өрікті кептіріп, жүзімнен – мейіз, қауыннан – қақ жасаған. Қазір де ата-кәсіпті қолға алушылар бар, оларға қолдау аясын кеңейте отырып, ұлттық бренд қалыптастыруды қолға алуымыз керек. Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарауға болмайды. Себебі, әлем елдері бұған айрықша мән беріп отыр. Мысалы, Швейцарияда «фондю» деген ірімшіктің астына от жағып қойып, нан батырып жейтін тағамды меншіктеуге бүгінде бірнеше мемлекет таласып жатыр. Шығыс Еуропаның «паленка» деп аталатын ішімдігіне венгрлер, болгарлар, югославтар «ен тақпақ» болып арпалысуда. Осы сияқты «будвайзер» деген сыраға Чехия мен Америка Құрама Штаттары таласып, біріншісі жеңіп шықты. Америкада бұл сыра нөмірі бірінші саналады. Қазіргі күні «будвайзер» сырасы Чехияның зиятк