Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Әзербайжан шах-палауынан дәм татты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі мерекені сезінуге мүмкіндік алу үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көп балалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Себетте әзербайжан шах-палауы мен азық-түліктері қамтылды.

Әзербайжан шах-палауынан дәм татты

Акцияны ұйымдастырушылар тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елор­далық ҚХА-ның меценаттары мұқ­таж жандарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы Нұр-Сұлтан қала­сының Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмек көрсету орталығы үйлестіреді.

Айта кетейік, биыл тек бірінші тоқсанда жалпы сомасы 4 млн 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді.