Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев: 7 елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында су басқан елді мекендердің қазіргі жағдайын баяндады.

Өмірзақ Шөкеев: 7 елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары

Суретті түсірген Самат МЫРЗАЛИЕВ

- 2020 жылы 1 мамырда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, өткізу қуаты секундына 120 текше метр болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасынан су тасып, Мақтаарал елді мекендерінде су деңгейі көтерілді. Бүгінгі таңда 31 666 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланды.Оның ішінде 6127 тұрғыны бар 5 елді мекенді су толығымен басты. Бұл Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері. 7 елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары. Ал Мырзакент, Ақжол сынды 2 елді мекенде қауіп сейілді. Тұрғындар үйлеріне қайтты, - деді облыс әкімі.