Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев су басқан нысандарды атады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында қандай нысандарды су басқанын айтып берді.

Өмірзақ Шөкеев су басқан нысандарды атады

«Атакент кенті мен Мақтаарал, Жамбыл ауылдық округтерінде мектептердің базасында 14 қабылдау-эвакуациялық пунктер ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 3 200 адам орналастырылды. Қалғандары туған-туыстарының үйлерінде. Қабылдау-эвакуациялық пункттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі карантиндік жағдайды ескере отырып, 120 медицина қызметкері көмек көрсетуде», - деді Ө.Шөкеев.

Оның айтуынша, төтенше жағдай салдарынан жалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4 медицина нысандарын, 1 мәдениет үйін, сондай-ақ 10 дүкенді су басты.

«Жеңіс ауылындағы көпірді және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шықырым автожолды су басты. Бұдан бөлек алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 га егістік жерлерді су басты. Мал шығыны да нақтыланып жатыр. Қазіргі уақытта осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Нақты шығын көлемі анықталғаннан кейін қосымша баяндалады», деді ол.