Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Су басқан тұрғын үйлердің мүлкін қорғау үшін 8 блокпункт орнатылды - Өмірзақ Шөкеев

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында айтты.

Су басқан тұрғын үйлердің мүлкін қорғау үшін 8 блокпункт орнатылды - Өмірзақ Шөкеев

«Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан тұрғын үйлердің мүлкін қорғау үшін 8 блокпункт орнатылып, полиция департаментінің жеке құрамынан 303 қызметкер, 53 көлік жұмылдырылды», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ ол елді мекендерді су басуының алдын алу үшін бөгеттер салынғанын айтып өтті.

«Елді мекендерді су басуының алдын алу үшін Нұрлы жол, Өргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінде бөгеттер салынып, Мырзакент бағытында Фирдоуси елді мекені аумағында коллектр орнатылды. Мұнан бөлек, Мақтаарал ауданының аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы Қоғалы елді мекенінің маңынан Орталық Бетпақдала коллекторы арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылды», - деді Өмірзақ Шөкеев.