Жедел ақпарат штабының хабарлауынша, бүгін кезекті талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен 1972, 1974 және 1978 жылы туған 3 азамат облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу шаралары жүріп жатыр.
Бүгінге дейін облыста 53 адамнан COVID-19 анықталып, 7 адам емделді.
Қостанай облысы