Осыған байланысты Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыратын штаб құрылды.
Қазір медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, киім-кешек, ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық заттар жинауды бастап кетті. Бір айта кетерлігі, көмек тек заттай жиналады. «Жастар орталығы» ғимаратынан ашылған пунктке әкелінген гуманитарлық көмектер әлеуметтік желіде жарияланады. Жиналған заттар арнайы автокөліктермен Мақтаралға жеткізіледі.