«Қордың міндетіне сәйкес, корольдіктің перспективалы жаңа секторларын ашуға көмектесу үшін, PIF (Мемлекеттік инвестициялық қор) және AMC Entertainment кинотеатрдың ортасын және Сауд Арабиясындағы инвестициялар мен серіктестік мүмкіндіктерін зерттейді», дейді PIF (Мемлекеттік инвестициялық қор) басшылығы таратқан баспасөз деректерінде.
Дүйсенбіде Сауд Арабиясы үкіметі алғашқы кинотеатрлар корольдікте фильмдерді наурыз айының басында көрсете бастайды деп жариялады, бұл елдегі ырықтандыру бағдарламасының бөлігі болып табылады. Демек алдағы күндерде концерттерге, комедиялық шоуларға және әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салуды алып тастайды.
Odeon брендінің иесі AMC - әлемдегі ең ірі фильм таратушы компаниялардың бірі. AMC әлем бойынша 1 мыңға жуық кинотеатр мен 11 мың экранға ие.
Кешеден бастап әлем елдерінің ірі кино үйлері Сауд Арабиясының нарығына кіруге ниет таныта бастады.
Дубайдағы VOX Cinemas-қа иелік ететін Majid Al Futtaim сауда орталығы өзінің алғашқы кинотеатрын сол жерде ашқысы келетінін айтты. Сауд королдігі 2030 жылға қарай 2 мыңнан астам экраны бар 300-ден астам кинотеатрлар ашылады деп күтілуде.
Сауд Арабиясы билігі экономикасын әртараптандыру және мұнай экспортына тәуелділікті азайту алдағы уақытта тағы да біраз жұмыстарды жоспарлап отыр. PIF (Мемлекеттік инвестициялық қор) көптеген салаларға енеді - жылжымайтын мүліктен бастап технологияға, туризм мен қалдықтарды басқаруға инвестиция салуға дайын отыр.