Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол сапасын жіті бақылауда

24 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы барысын бақылау мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізді.

Бұл жолы «Телман» шағын ауданында салынып жатқан М.Әуезов көшесі қоғамдық және ведомстволық бақылауға алынды.

Арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жол төсемесін, тротуарларды, сондай-ақ трасса енін өлшеу жүзеге асырылды.

Алынған үлгілер арнайы сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде салынып жатқан объектіге тиісті баға берілетін болады. 

«Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы өкілдерінің айтуынша, бұзушылықтар анықталғаннан кейін мердігерлерге бұзушылықтарды жою үшін мерзім белгіленеді, содан кейін жол учаскесін нұсқаманың орындалуы тұрғысынан қайта тексеру жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері осы тұрғыдағы іс-шаралар мамандардың қатысуымен жүйелі түрде өтетінін атап өтті.

Жалпы, «Сапалы жол» жобасы аясында ағымдағы жылы 5 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, онда 50-ге жуық бұзушылық анықталды, оларды жою бойынша мердігіер компаниялар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Шымкент 

 
Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар