Қоғам • Бүгін, 09:05

Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі

10 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетінде үлкен кемшілік бар екенін атап көрсетті. «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», деді Президент. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында су тиімділігін арттырып, ирригациялық желілерді жаңғыртуды тапсырды.

Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі

Каналдардың 76%-ы жөндеуді қажет етеді

Су мәселесіне қатысты Түркіс­тан облысында атқарылар шаруа көп. Өңірде су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын қамтама­сыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Түркістан облысындағы Шар­­д­ара су қоймасына келетін ағын су былтыр 43%-ға төмен­­деді. Облыста ағын су тапшы­лы­ғынан зардап шеккен шаруа­лар көп. Егістіктерді ағын су­мен қамтамасыз ететін жалпы ұзын­дығы 12 731 шақырым болатын 4 180 каналдың 76%-ы жөндеуді қажет етеді. Мысалы, Ордабасы ауданындағы «Құртай» каналы арық күйінде болғандықтан филь­трация арқылы суды көп жоғал­тады. Арнаның тереңдеп кеңей­гені салдарынан су жеткізу қиын­дық туғызып отыр. Канал жыл сайын қамыспен бітеліп, тұрақты механикалық тазалауды қажет етеді. Күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірлен­ген. Тиісті жұмыс атқарылса, нәтижесінде 1000 гектардан аса жерге су жеткізу жақсарады.

Келес ауданында «Оймауыт» су торабының жағдайы өзекті. Бәйдібек ауданында «Комсомол» каналын толық қуатта пайдалану үшін 16,3 шақырымын жөндеу қажет. Ішкі лоток жүйелерінің тозығы жеткен. Шардара ауданы Жаушықұм массивінде 12 192 гектар егістікке су жеткізетін құбыр мен сорғы стансасының да жағдайы күн тәртібіндегі мәселе. Сарыағаш ауданында «Р-4-2», «Шаншар құлақ», «Құлтума», «Кескен», «Сарыүйсін», «57-тармақ», «Қаратас», «Рамадан», «Шошым», «Р-15» каналдары жөндеуді талап етеді.

Кентаудағы «Ырмақ-Өзен» су қоймасын екі жыл бұрын «Тұран су» мекемесі ағымдағы жөн­­деуден өткізген. Алайда мәселе түбегейлі шешілу үшін күр­­делі жөндеу қажет. Ырмақ өзе­ні­нен су қоймасына дейін құ­быр тарту, «Таздар» арығын бетон­­дау маңызды. Каналдардың тозы­ғы жөніндегі мәселені шешу мақса­тын­да облыс әкімі тарапынан ке­шенді жоспар қабылданған. Облыс­тық ауыл шаруашылығы басқар­масының мәліметінше, биыл Ислам даму банкінің қаржысы есебінен су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары басталады. Бірінші кезеңде «Қазсушар» арқылы 63,2 млрд теңгеге 11 жоба, «Тұран су» кәсіпорны арқылы 73,6 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, 296 шақы­рым канал бетонмен қапталып, 63 мың гектардан астам суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Бүгінде облыстағы суармалы жерлердің жалпы көлемі – 575 мың га. Бұл – еліміз көлеміндегі суармалы жерлердің шамамен төрттен бір бөлігі. Алқаптар негізінен төрт су шаруашылық бассейні арқылы ағын сумен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде негізгі үлес Сырда­рия, Арыс, Келес өзендеріне тиесілі. Су ресурстарының басым бөлігі трансшекаралық өзендер есебі­нен қалыптасады. Атап айтқанда, облысқа тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 635%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Осы өзендер арқылы 314 мың гa суармалы жер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Алайда жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруі салдарынан трансшекаралық өзендерден келетін су көлемі жыл сайын аза­йып отыр. Сарапшылардың бол­жамы бойынша, алдағы вегетация­лық кезеңде Оңтүстік Қазақстан өзен бассейндерінде су ағыны қысқарады. Сырдария өзенінің жо­ғарғы ағысында көрші мемлекет­тер аумағында орналасқан су қой­маларының қазіргі толуы өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда 3,2 млрд текше метрге төмен. Оңтүстік өңірдегі су қойма­ла­рының толуы өткен жылмен салыс­тырғанда 1,9 млрд текше метрге аз.

Былтыр облысқа 3,2 млрд текше метр ағын су лимиті бекітіліп, нақты 2,8 млрд текше метр су бо­са­тылды, бұл жоспардың 88%-ын құрады. Биылғы ағын су лимиті 2,6 млрд текше метр көле­мінде бекі­тілген. Бұл нақты қажет­тілік­тен 200 млн текше метрге кем болып отыр. Облыста 42 су қой­маcы, 1 256 қашыртқы, 1 794 дана ұңғы­малар бар. Бүгінге дейін су қой­ма­ларында 4,0 млрд текше метр су жиналып, толу деңгейі 47% ­бо­лып отыр. Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасы су ресурс­тары бөлімінің мәліметіне қарағанда, Шардара су қойма­сына қазіргі уақытта 3,3 млрд текше метр су жинақталған. Су кірісі секундына 450 текше метр, шығысы 600 текше метрді құрайды. ­Оның ішінде, Сырдария өзеніне – ­150 м³/сек, Көксарай су реттегішіне ­450 м³/сек бағытталып отыр. Көкса­рай су реттегішіне – 567 млн, Бөген ­су қоймасына 169 млн текше метр ­су жиналған. 

Жаңа технологиямен 622,8 млн текше метр су үнемделеді

Өткен жылдың соңында өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы вегетациялық кезеңге дайындық барысы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру мәселесі жөнінде мәжіліс өткіз­ді. Келелі кеңесте агроөнеркәсіп­тік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су үнемдейтін технологияларды, суару әдістерін, ирригациялық жүйе­лердің жағдайын мониторинг жүргізу тәсілдерін кеңінен енгізуді күшейту қажеттігі айтылды.

«Сонымен қатар су ресурс­тарын заңсыз пайдалану, соның ішінде «қара нарық» жағдай­ларын болдырмау үшін құқық қор­ғау органдарының белсенді қаты­суымен қарсы шаралар қабыл­да­нуға тиіс. Егіс құрылымдарын әрта­раптандыруға, сондай-ақ құрғақ­шылыққа төзімді, аз су қажет ететін дақылдарды енгізуге ерекше назар аудару қажет», деді Қ.Бозымбаев.

Осы орайда өңірде аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, ылғал сүйгіш дақылдардың егіс көле­­мін қысқарту, сондай-ақ су үнем­деу технологияларын кеңінен енгізуге қатысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақыл­дары өткен жылмен салыс­тырғанда 13 мың гектарға артып, жалпы 919 мың гектарға орналастырылады. Егіс құрылымын қалып­тастыруда рентабельділігі жоғары, құрғақшылыққа төзімді дақылдарға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, мақта – 18 мың гектарға, жүгері – 16 мың гек­тарға, мақсары 14 мың гек­тарға арттырылады. Бидай дақы­лының егіс көлемі 24 мың гек­тарға қысқартылады. Жалпы өнім кө­лемін екі есеге арттыру жөнін­дегі Жол картасына сәйкес, күріш дақылын 3,5 мың гектарға орналастыру жоспарланғаны­мен, су тапшылығына байланыс­ты мамандандырылған Шардара ауданында 3,3 мың гектарға егу көзделіп отыр.

Сонымен қатар облыстық бюджет мүмкіндігі шегінде аудан, қала­ларда бірінші кезекте қалпына келтіруге жататын су ны­сандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 5,4 млрд теңге қаржы қаралып, ­59 шақырымды құрайтын ­13 су нысанына күрделі жөндеу, ­21,8 ша­қырым болатын қашыртқы­­лар­­ға механикалық тазалау жұмыс­­тары басталды. Нәтижесінде, 7,7 мың га жердің ағын сумен қамтама­сыз ету жағдайы жақсарды. Сондай ақ республикалық меншіктегі биыл пайдалануға берілетін, жалпы құны 122,8 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылады. Бүгінде облыс көлемінде 114 мың га алқапта су үнемдеу технология­лары қолданылады. Нәтижесін­де, 195 млн текше метр су үнемдел­ген. Жыл сайын қосымша 50 мың гектарға жаңа технология енгізу арқылы 2030 жылға қарай 364 мың га жерден 622,8 млн текше метр су үнемдеу көзделіп отыр. Биыл Мақтаарал, Шардара, Жеті­сай аудандарында 24 мың га ал­қапқа су үнемдеу технология­ла­рын енгізу жоспарланған. Қазірде 10,6 мың га жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге қатысты тауар өндірушілерден ұсыныстар түскен. Су үнемдеу технологияла­рын қолжетімді ету, ішкі өндірісті дамыту мақсатында облыста қуат­тылығы 163 мың гектарды қам­титын 4 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар биыл 30 мың гек­тар­ға арналған тағы 2 кәсіпорын пайдалануға беріледі.

Су тапшылығының алдын алу мақсатында жаңа су қоймаларын салу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бәйдібек ауданында «Бәйді­бек ата» су қоймасының құрылысы 75%-ға аяқталып, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру ­жоспарланып отыр. Нәтижесінде, келер жылғы вегетациялық маусымда 9,7 мың га жаңа суармалы жер айналымға енгізіледі. Соны­мен қатар Төлеби ауданындағы «Қарақуыс» су қоймасының құры­лысы биыл аяқталып, 350 га жер сумен қамтамасыз етіледі. Алдағы жылдары Ордабасы, Сауран аудандарында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу көзделген. Бұл жобалар толық іске асқан жағ­дайда Бөген су қоймасына қосымша 120 млн текше метр ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағындағы су мәселесін шешуге мүмкіндік туады. Жалпы, жауап­ты сала басшыларының айтуынша, өңірде қабылданып жатқан кешенді шаралар су ресурстарын тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге 6 өңірдің аграрлық әлеуетін арт­тыруға мүмкіндік береді.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45

Сарбаздың шыңдалу мектебі

Әскер • Бүгін, 09:15