Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Шымкентте тағы 10 науқас коронавирус індетінен айығып шықты

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 10 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. 
 

Шымкентте тағы 10 науқас коронавирус індетінен айығып шықты
Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1991, 1990, 1965, 1994,1985, 1989, 1967 1979, 1966, 1964 жылы туған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. 
 
Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 5 мамыр күні ауруханадан шығарылды. 
 
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 61 науқас дертінен айығып шықты.
 
 
 
Шымкент