Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Өңірге көшіп келушілер саны артқан

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы қаңтар-ақпан 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда Маңғыстау облысына келгендер 1,7 есе, кеткендер саны 1,6 есе өсті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте белгілі болды.

Маңғыстау: Өңірге көшіп келушілер саны артқан

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 94,4% және 87,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,7 есе көбейді. Облысаралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің бір қаласында, яғни Жаңаөзен қаласында 76 адам, және 4 ауданында - Мұнайлы 156 адам, Бейнеу 9 адам, Түпқараған 46 адам, және Маңғыстау 8 адам өсімі байқалды.

 

 

Маңғыстау облысы