Яғни, бұрын асфальт-бетон жабынын көрмеген көшелер жөнделеді.
Биыл көшелерді жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінген. Алдағы жазда облыс орталығының шеткері шағын ауданы Лесозавод аумағының көшелеріне асфальт төселеді.
Ал, Радиозавод, Хромзавод, МДС және Екінші Павлодар шағын аудандарының көшелері ішінара жөнделеді.
Бұған дейін орталық көшелер жылда жиі жөнделетін. Қалған көшелерге жөндеу жұмыстары жетпейтін еді.
- Қазір желілер тартылып жатқан көшелер бар. Бұл орайда тұрғындарға барлық байланыс желілері салынып біткеннен кейін, жөндеу жұмыстары басталатынын түсіндіру керек, - деді Ә. Сқақов.
Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын жол зертханасы бақылайды.
Қазір Қамзин атындағы, Казправда, Гагарин көшелерінің жиектастары жаңартылуда.
Сондай-ақ көше бойындағы шұңқырларды жөндеу, асфальт төсеу жұмыстары жаз бойы жүргізілмек.
Павлодар облысы